Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Қазақстанда техникалық байқау қағидаларына өзгерістер енгізілді

Көлік министрінің 2026 жылғы 16 наурыздағы бұйрығымен механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқауды ұйымдастыру және өткізу қағидаларына өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026
Аймақ, Жаңалықтар

Жаңа түзетулерге сәйкес, бірыңғай ақпараттық жүйе (БАЖ) операторы техникалық байқау операторларына жүйе қызметтерін тиісті қызмет көрсету шарты негізінде ұсынуға міндеттеледі.

Сонымен қатар БАЖ операторы жүйеде бірқатар маңызды функциялардың жұмысын қамтамасыз етеді. Атап айтқанда, көлік құралы туралы мәліметтердің заңдылығы расталмаған жағдайда диагностикалық картаны автоматты түрде қалыптастыру мен беруден бас тартылады. Сондай-ақ жалған диагностикалық карталарды беру фактілері автоматты түрде анықталады.

Қағидаларға енгізілген өзгерістер техникалық байқау операторларының жұмысына қойылатын талаптарды да күшейтеді. Енді БАЖ операторы келесі жағдайларда қызмет көрсетуді тоқтатуға құқылы:

  • бірыңғай ақпараттық жүйеге қажетті мәліметтер ұсынылмаған жағдайда;

  • техникалық байқау орталығының мекенжайы өзгергені туралы 10 жұмыс күні ішінде хабарланбаған немесе кеш хабарланған жағдайда;

  • көлік иелеріне арналған қабылдау бөлмесінде өңір бойынша техникалық байқау кестесі көрсетілмесе;

  • уәкілетті орган бекіткен талаптарға сәйкес келмейтін диагностикалық карта берілген жағдайда.

Бұзушылықтар жойылған жағдайда техникалық байқау операторы тиісті дәлелдемелерді ұсына отырып, БАЖ операторына қайта жүгінеді. Өз кезегінде жүйе операторы бұзушылықтардың жойылғанын растағаннан кейін қызмет көрсетуді қайта қалпына келтіреді.

Айта кетейік, аталған бұйрық 2026 жылғы 29 наурыздан бастап күшіне енеді.

Тегтер: Қазақстантехникалық

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында мұнай-газ саласының үздіктері марапатталды

Қорлан Нұрланқызы
29.09.2026

Алматы облысында кәсіпорындар экологиялық жүктемені азайтуда

Қорлан Нұрланқызы
29.09.2026

Алматы облысының спортшысы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды

Қорлан Нұрланқызы
29.09.2026

Зиянды әдеттен арылу – өмірді өзгерту

Акжаркын
29.09.2026

Алаяқтықтан қорғанудың қарапайым жолдары

Акжаркын
29.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz