Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында көші-қон заңын бұзған 9 шетелдік елден шығарылды

Алматы облысында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және құқықтық тәртіпті нығайту мақсатында «Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
19.03.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Өңірлік полиция департаментінің мәліметінше, іс-шараның алғашқы күнінде көші-қон қызметі қызметкерлері 277 құқық бұзушылықты анықтады. Сондай-ақ Қазақстан аумағында болуға рұқсаты жоқ 18 шетелдік азамат қабылдау-тарату орнына орналастырылды.

Көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін Қазақстанның 53 азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олар шетел азаматтарының елде болуына немесе еңбек қызметіне қатысты заң талаптарын бұзған.

Сонымен қатар, сот шешімімен заң талаптарын өрескел бұзған 9 шетелдік азамат Қазақстан аумағынан шығарылды.

Мәселен, Еңбекшіқазақ ауданында жүргізілген тексеру барысында салынып жатқан нысандардың бірінде көрші мемлекеттен келген 12 азаматтың заңсыз жұмыс істеп жүргені анықталған.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, аталған іс-шара «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында өткізіліп жатыр. Оның негізгі мақсаты – азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау және құқық бұзушылықтарға мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыру.

Полиция өкілдері көші-қон заңнамасын сақтау – тек міндет қана емес, сонымен қатар қоғамдағы тұрақтылықтың маңызды кепілі екенін атап өтті.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында мұнай-газ саласының үздіктері марапатталды

Қорлан Нұрланқызы
29.09.2026

Алматы облысында кәсіпорындар экологиялық жүктемені азайтуда

Қорлан Нұрланқызы
29.09.2026

Алматы облысының спортшысы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды

Қорлан Нұрланқызы
29.09.2026

Зиянды әдеттен арылу – өмірді өзгерту

Акжаркын
29.09.2026

Алаяқтықтан қорғанудың қарапайым жолдары

Акжаркын
29.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz