Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Қонаевта Наурызға орай экологиялық акция өтті

Қонаев қаласында Наурыз мерекесіне орай «Табиғат қанатында – Taza Life» атты экологиялық акция ұйымдастырылды. Шара Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында өтті, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
18.03.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар, Қоғам

Акцияны Алматы облыстық жастар ресурстық орталығы, білім басқармасы және орман шаруашылығы мекемелері бірлесіп ұйымдастырды.

Іс-шараның негізгі мақсаты – жастардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, табиғатты аялауға және құстарға қамқорлық жасауға баулу. Акция барысында қатысушылар өз қолдарымен жасаған құс ұяларын орнатып, қоршаған ортаға жанашырлық танытты.

Облыстық Жастар ресурстық орталығының директоры Мақсат Кенешовтің айтуынша, мұндай бастамалар жастарды табиғатты қорғауға тәрбиелеуде маңызды рөл атқарады.

«Көктеммен бірге туған өлкеге қайта оралған құстарға қамқорлық көрсету – қоршаған ортаға деген жауапкершіліктің айқын көрінісі. Былтыр бұл ауқымды акция алғаш рет Алматы облысында өтіп, мыңға жуық құс ұясы орнатылған еді. Биыл бұл көрсеткіш одан да жоғары. Акция облыстың барлық аудандары мен қалаларында сәуір айының соңына дейін жалғасады», – деді ол.

Ал Қонаев қаласындағы Шоқан Уәлиханов атындағы №2 гимназияның оқушысы Әлімжан Тұрдалиев табиғатты қорғау әр адамның міндеті екенін атап өтті.

«Қоршаған ортаны қорғау – әр адамның міндеті. Еркіндіктің символына айналған құстарға көмегім тигеніне қуаныштымын», – деді оқушы.

Айта кетейік, аталған акция жастардың экологиялық жауапкершілігін арттырып қана қоймай, табиғатты қорғауға бағытталған игі бастамалардың бірі ретінде өңірде жалғасын табуда.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында жаңа оқу жылына бес мектеп ашылып, 10 білім ошағы жаңартылады

Қорлан Нұрланқызы
14.08.2026

Тазалық – туған жерге деген құрмет

Диана Ахметова
14.08.2026

Меншік құқығын қорғау – заңның басты қағидаларының бірі

Диана Ахметова
14.08.2026

Интернет алаяқтық – заманауи қауіп

Диана Ахметова
14.08.2026

Жолдағы тәртіп – қауіпсіздіктің кепілі

Диана Ахметова
14.08.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz