Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Қонаевта №6 және №7 жағажайлар жаңартылып жатыр

Қонаев қаласында №6 және №7 жағажайларды кешенді абаттандыру жұмыстары басталды. Бұл туралы қалалық әкімдіктің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Тимур Акмурзаев мәлімдеді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
18.03.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар, Қоғам

Оның айтуынша, құрылыс жұмыстарын шомылу маусымы басталғанға дейін аяқтау жоспарланып отыр.

Жоба аясында жағажай аумағында заманауи визит-орталық салынып, 50-ден астам бизнес нысандары орналастырылады. Сондай-ақ 53 киім ауыстыру кабинасы мен 21 санитарлық торап орнатылады.

«Жағажайда тапчандар мен көлеңкелі шатырлар қойылып, барлық нысандар бірыңғай сәулеттік стильде жасалады. Балалар ойын алаңдары, воркаут аймақтары және жағажай спортына арналған алаңдар салынады. Қауіпсіздік пен көгалдандыру мәселесіне ерекше көңіл бөлініп, тозған инженерлік желілер жаңартылады», – деді Тимур Акмурзаев.

Жобадағы нысандар жеңіл конструкциялардан салынатындықтан, құрылыс жұмыстары қысқа мерзімде аяқталмақ.

Жағажай аумағына жаяу келушілер үшін кіру тегін болады. Ал автокөлікпен келгендер үшін автотұрақ қызметі ақылы негізде ұсынылады. Бизнес нысандары сенімгерлік басқарушы компания арқылы кәсіпкерлерге жалға беріледі.

Қала әкімдігі мәліметінше, аталған аумақта бірнеше жылдан бері 40-қа жуық кәсіпкер жұмыс істеп келген. Оларға қолданыстағы нысандарды бұзу қажеттігі алдын ала хабарланған. Заң талаптарына сай қызмет атқарған 25 кәсіпкермен 5 жыл мерзімге келісімшарт жасалған. Қалған кәсіпкерлер өз қызметін талаптарға сәйкестендіргеннен кейін қайта келісім жасау мүмкіндігі қарастырылады.

Сонымен қатар, абаттандыру жұмыстары Қапшағай су қоймасының солтүстік жағажайларын да қамтиды.

«Бұл жағажайлардың санитарлық жағдайына қатысты тұрғындар мен демалушылардан көптеген шағым түсті. Осыны ескере отырып, кешенді абаттандыру жұмыстарын жүргізу туралы шешім қабылданды. Басты мақсат – тұрғындар мен қонақтар үшін таза, жайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыру», – деді бөлім басшысы.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында жаңа оқу жылына бес мектеп ашылып, 10 білім ошағы жаңартылады

Қорлан Нұрланқызы
14.08.2026

Тазалық – туған жерге деген құрмет

Диана Ахметова
14.08.2026

Меншік құқығын қорғау – заңның басты қағидаларының бірі

Диана Ахметова
14.08.2026

Интернет алаяқтық – заманауи қауіп

Диана Ахметова
14.08.2026

Жолдағы тәртіп – қауіпсіздіктің кепілі

Диана Ахметова
14.08.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz