Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Тоқаев туризм мен балалар спортын қолдауға арналған заңға қол қойды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Туристік саланы және балалар спортын қолдауға байланысты Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
17.03.2026
Жаңалықтар, Қоғам

Қабылданған заңдағы негізгі өзгерістердің бірі – балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінде (ДЮСШ) әр спортшыға қаржыландыру нормасын енгізу. Бұл жаңашылдық бір спортшыға бөлінетін жыл сайынғы қаржы көлемін орташа 233 мың теңгеден 415 мың теңгеге дейін арттыруға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, құжатта біртұтас оператордың қаржылық есептілігін жыл сайын міндетті аудиттен өткізу қарастырылған. Аталған оператор бюджеттен тыс қаражаттарды спорт және дене шынықтыру саласын дамытуға бағыттайды.

Заң аясында туристік саланы қолдауға да бірқатар өзгерістер енгізілді. Атап айтқанда, туристік өнімдерге қойылатын талаптарды белгілеу және мемлекеттік қолдау шараларын іске асыруда профильдік министрліктің өкілеттігі нақтыланды.

Бұдан бөлек, туристік нысандар мен маршруттарда санитарлық-гигиеналық құралдармен қамтамасыз етуге жұмсалған кәсіпкерлердің шығындарының бір бөлігін субсидиялау тәртібі айқындалды.

Сондай-ақ визит-орталықтар мен туристерді орналастыру орындарын салу және жаңғырту кезінде кәсіпкерлердің шығындарының бір бөлігін өтеу механизмі бекітілді.

Парламент депутаттарының айтуынша, бұл шаралар елдегі туристік инфрақұрылымның сапасын арттыруға, сондай-ақ балаларға арналған спорт нысандарының қолжетімділігін кеңейтуге мүмкіндік береді.

Тегтер: заңҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Абай бол! Жол қауіпсіздігі әркімнен басталады

Акжаркын
21.09.2026

Есірткі қылмысы – қоғамға ортақ қауіп

Акжаркын
21.09.2026

Өз мүлкіңді қорға – өз құқығыңды біл

Акжаркын
21.09.2026

Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жол жоқ

Акжаркын
21.09.2026

«Таза Қазақстан» – ортақ жауапкершілік пен игі бастама

Акжаркын
21.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz