Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Іле ауданында референдум учаскесіне суперқаһармандар келіп, дауыс берді

Референдум күні Іле ауданына қарасты Кенен Әзірбаев ауылындағы №357 референдум учаскесінде суперқаһарман кейіпкерлерінің киімін киген азаматтар келіп, дауыс беріп, жиналған халықтың назарын аударды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
15.03.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар
Screenshot

Screenshot

Олардың арасында көпшілікке таныс Өрмекші адам мен Супержігіт бейнесіндегі кейіпкерлер болды. Ерекше костюммен келген азаматтар алдымен учаскеде тіркеліп, өздерінің азаматтық таңдауын жасап, референдумға қатысып дауыс берді.

Суперқаһармандардың учаскеге келуі тұрғындар үшін күтпеген әрі қызықты сәттердің біріне айналды. Әсіресе балалар мен жастар бұл көрініске қуанып, кейіпкерлермен суретке түсіп, көтеріңкі көңіл күйге бөленді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай бастаманың мақсаты – тұрғындардың референдумға деген қызығушылығын арттырып, учаскелерде жағымды атмосфера қалыптастыру.

Осылайша, суперқаһармандардың келуі референдум учаскесіндегі атмосфераны жандандырып, тұрғындарға мерекелік көңіл күй сыйлады.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Қонаевта 250-ден астам сарапшы білім беруде жасанды интеллектіні қолдану мәселесін талқылады

Қорлан Нұрланқызы
20.11.2026

Интернеттегі алаяқтықтан сақ болайық

Акжаркын
20.11.2026

Нашақорлыққа жол жоқ: болашақ өз қолымызда

Акжаркын
20.11.2026

Алматы облысында үйдің шатыры өртеніп, бір бөлігі опырылды

Қорлан Нұрланқызы
20.11.2026

Өзбекстанда қазақ жазушысы Рахметолла Райымқұловтың ескерткіші ашылды

Қорлан Нұрланқызы
20.11.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz