Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Байсеркеде байкерлер сайлау учаскесіне келіп, дауыс берді

Алматы облысы Іле ауданына қарасты Байсерке ауылындағы №360 сайлау учаскесінде ерекше көрініс болды. Учаскеге 8 байкер арнайы келіп, азаматтық борыштарын орындап, дауыс берді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
15.03.2026
Аймақ, Жаңалықтар

Бұл жағдай сайлау күніне ерекше серпін беріп, учаскеге келген тұрғындардың қызығушылығын тудырды. Байкерлер тобының қатарында әлемді мотоциклмен аралап жүрген танымал саяхатшы Дмитрий Петрухин де болды.

Дмитрий Петрухин – Қазақстанның атын халықаралық деңгейде танытып жүрген саяхатшылардың бірі. Ол осы уақытқа дейін әлемнің бес құрлығында болып, мотоциклмен 400 мың шақырымнан астам жол жүріп өткен. 15 жылға созылған сапарлары барысында саяхатшы 170 елді аралап үлгерген.

Оның айтуынша, мұндай сапарлар тек жеке қызығушылық қана емес, сонымен қатар мәдени байланыстарды нығайтуға және Қазақстанды әлемге танытуға бағытталған.

Байсеркедегі №360 учаскеге байкерлердің келуі сайлаушылар үшін ерекше әсер қалдырды. Тұрғындар олармен бірге суретке түсіп, бұл сәтті қызығушылықпен тамашалады.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында мұнай-газ саласының үздіктері марапатталды

Қорлан Нұрланқызы
29.09.2026

Алматы облысында кәсіпорындар экологиялық жүктемені азайтуда

Қорлан Нұрланқызы
29.09.2026

Алматы облысының спортшысы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды

Қорлан Нұрланқызы
29.09.2026

Зиянды әдеттен арылу – өмірді өзгерту

Акжаркын
29.09.2026

Алаяқтықтан қорғанудың қарапайым жолдары

Акжаркын
29.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz