Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Жамбыл ауылында Халық ақыны Жамбыл Жабаевтың ұрпағы дауыс берді

Алматы облысындағы Жамбыл ауылының тұрғындары республикалық референдумды ел болашағы үшін аса маңызды әрі жауапты қадам деп қабылдап, таңсәріден бастап сайлау учаскелеріне келіп, өз таңдауларын жасады, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
15.03.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Тарихы терең, киелі мекен саналатын Жамбыл ауылы – елге танымал көптеген тұлғаларды түлеткен қасиетті топырақ. Ауылдың рухани мәртебесін айқындайтын орындардың бірі – жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың әдеби-мемориалдық мұражайы. Мұнда жыл сайын мыңдаған адам келіп, ұлы ақынның өмірі мен шығармашылығымен танысады. Сондықтан ауыл тұрғындары үшін өткенге тағзым жасап, ұлттық дәстүрге құрмет көрсету – маңызды құндылықтардың бірі.

Референдум күні алғашқылардың бірі болып дауыс беруге келгендердің қатарында Жамбыл Жабаевтың шөбересі, Халық ақыны Әлімқұл Жамбыловтың ұлы Мұратхан Жамбылов та болды. Ол сайлау учаскесіне ұлттық нақыштағы дәстүрлі киіммен келіп, көпшіліктің назарын аударды.

«Мен референдумға мерекеге келгендей әсер алдым. Бұл күн еліміздің тарихындағы маңызды беттердің бірі болып қалатынына сенемін. Біздің жерлестеріміз әрдайым белсенділігімен ерекшеленеді», – деді Мұратхан Жамбылов.

Жамбыл ауылының тұрғындары ел тағдырына бейжай қарамайтынын тағы бір мәрте дәлелдеп, референдум күні бірлік пен азаматтық жауапкершіліктің жарқын үлгісін көрсетті.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында мұнай-газ саласының үздіктері марапатталды

Қорлан Нұрланқызы
29.09.2026

Алматы облысында кәсіпорындар экологиялық жүктемені азайтуда

Қорлан Нұрланқызы
29.09.2026

Алматы облысының спортшысы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды

Қорлан Нұрланқызы
29.09.2026

Зиянды әдеттен арылу – өмірді өзгерту

Акжаркын
29.09.2026

Алаяқтықтан қорғанудың қарапайым жолдары

Акжаркын
29.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz