Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Референдумда ерекше көрініс: Есік тұрғыны «Алтын адам» костюмімен келді

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының тұрғындары республикалық референдумға қатысу барысында ұлттық символдар мен бейнелерден шабыт алып, креативті көзқарас танытып жатыр, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
15.03.2026
Аймақ, Жаңалықтар

Есік қаласындағы №123 сайлау учаскесінде дауыс беру кезінде тұрғындардың назарын ерекше қатысушы аударды. Қала тұрғыны Қазақстан тарихы мен мәдениетінің маңызды символдарының бірі саналатын «Алтын адам» бейнесіндегі костюммен келіп, көпшіліктің қызығушылығын тудырды.

Ерекше киімдегі азамат учаскеге келгендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлап, жиналғандар оның жанында суретке түсіп жатты.

Акцияға қатысушының айтуынша, бұл бастама елдің болашағына бейжай қарамай, азаматтық белсенділік танытуға үндейді.

«Мен ең дұрыс жолды таңдадым – өз елімнің болашағына бейжай қарамай, оның дамуына белсенді қатысу. Менің ата-бабаларым да кезінде маңызды шешімдер қабылдаған, мен олардың аманатына адал болуға тырысамын. Бүгін дәл “Алтын адам” бейнесін таңдағаным да кездейсоқ емес. Бұл бейне халқымыздың тарихын айшықтап, жерлестерімнің бойында мақтаныш сезімін оятып, ұлттық рухты нығайтады», – деді ол.

Бақылаушылардың айтуынша, мұндай бастамалар дауыс беру үдерісіне ерекше атмосфера сыйлап, тұрғындардың азаматтық жауапкершілігінің жоғары екенін көрсетеді. Көпшілік үшін референдумға қатысу тек маңызды қоғамдық-саяси оқиға ғана емес, сонымен қатар ұлттық дәстүрлер мен мәдени мұраға деген құрметтің бір көрінісіне айналып отыр.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Қонаевта 250-ден астам сарапшы білім беруде жасанды интеллектіні қолдану мәселесін талқылады

Қорлан Нұрланқызы
20.11.2026

Интернеттегі алаяқтықтан сақ болайық

Акжаркын
20.11.2026

Нашақорлыққа жол жоқ: болашақ өз қолымызда

Акжаркын
20.11.2026

Алматы облысында үйдің шатыры өртеніп, бір бөлігі опырылды

Қорлан Нұрланқызы
20.11.2026

Өзбекстанда қазақ жазушысы Рахметолла Райымқұловтың ескерткіші ашылды

Қорлан Нұрланқызы
20.11.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz