Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Қонаевта өткен дрифт жарысының жеңімпаздары референдумға қатысты

Қонаев қаласындағы ASP Arena автодромында көктемгі маусымның ашылуына арналған дрифт-шоу өтті, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
15.03.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар, Саясат

Автоспорт сайысына өңірден және көршілес аймақтардан келген жүргізушілер қатысып, көрермендерге әсерлі әрі тартысты жарыс ұсынды.

Көктемгі алғашқы жарысқа 40 автокөлік қатысып, жүргізушілер жылдамдық пен дәлдікке негізделген дрифт техникасын көрсетті. Қатысушылар бірнеше кезең бойынша бақ сынап, нәтижесінде ең мықты жүргізушілер анықталды.

Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі орындар келесідей бөлінді:
1-орын – Петр Бородин,
2-орын – Евгений Васькин.

Жарыс жеңімпаздары азаматтық белсенділік танытып, республикалық референдумға қатысып, өз таңдауларын жасағандарын айтты.

«Дрифт-шоу Қонаевтағы ең әсерлі көріністердің біріне айналды. ASP Arena-да түрлі мәдени-бұқаралық шаралар ұйымдастырылып келеді. Мұнда алыс-жақын шетелдерден келетін спортсүйер қауымды қоса есептегенде, мыңдаған көрермен жиналады. Қаламызда спорт саласының дамып жатқаны қуантады. Биылғы дрифт-шоу референдум күнімен тұспа-тұс келді. Біз еліміздің азаматтары ретінде дауыс беріп, таңдауымызды жасадық», – деді жарыс жеңімпазы Петр Бородин.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай жарыстар Қонаев қаласында автоспорт мәдениетін дамытуға, жастар арасында техникалық спорт түрлерін насихаттауға және өңірдің спорттық-туристік әлеуетін арттыруға ықпал етеді.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Ярмарка сельскохозяйственной продукции прошла в Кегене в день референдума

Николай Иващенко
15.03.2026

Явка граждан на референдуме по новой Конституции Казахстана на 14:00 составила 51,93% — ЦИК

Николай Иващенко
15.03.2026

Лесники в Шонжи проголосовали и посадили 30 деревьев на школьном дворе

Николай Иващенко
15.03.2026

В день референдума в Алматинской области родились 24 малыша

Николай Иващенко
15.03.2026

Ярмарка сельхозпродукции в Алатау прошла в день республиканского референдума

Николай Иващенко
15.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz