Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Қонаевта Олимпиада жүлдегері Ақжүрек Таңатаров дауыс берді

Қонаев қаласында Олимпиада жүлдегері, танымал балуан Ақжүрек Таңатаров республикалық референдумда өз таңдауын жасады, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
15.03.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

2012 жылы Лондонда өткен жазғы Олимпиада ойындарында қола жүлдеге ие болған спортшы бүгінгі күні де ел өміріндегі маңызды оқиғалардан шет қалмай, азаматтық белсенділік танытып келеді.

Ақжүрек Таңатаров – Жамбыл облысының тумасы. Еркін күрестен Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы, халықаралық турнирлер мен әлем біріншіліктерінің жүлдегері. Қазіргі уақытта ол Алматы облыстық денешынықтыру және спорт басқармасының басшысы қызметін атқарады.

Спортшының айтуынша, әр азамат ел болашағына қатысты маңызды шешімдер қабылданатын сәтте белсенділік танытуы қажет.

«Бүгін референдумға келіп, өз таңдауымды жасадым. Спортшы әрі мемлекеттік қызметші ретінде Отан алдындағы міндетімді орындадым. Конституциялық реформа барша қазақстандықтың тағдырына тікелей әсер етеді. Сондықтан жасы 18-ден асқан, дауыс беруге құқығы бар әр адам кемел келешек үшін өз таңдауын жасауы тиіс. Көк туымызды көкте желбіретер спортшыларымыз көп болсын! Біз халық үшін аянбай еңбек етуге әрдайым дайынбыз», – деді Ақжүрек Таңатаров.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Әсем Орынбайдан тарихи жеңіс: Қазақстан Әлем кубогында алғашқы медаль алды

Қорлан Нұрланқызы
05.05.2026

Алматы облысында кене шағу дерегі екі есе артты

Қорлан Нұрланқызы
05.05.2026

Қонаев кәсіпкерлері «Таза Қазақстан» бағдарламасын қолдады

Қорлан Нұрланқызы
05.05.2026

Өскемендегі «Қазцинк» кәсіпорнында жарылыс болып, екі адам қаза тапты

Қорлан Нұрланқызы
05.05.2026

Қонаев маңындағы ауылдарда ауыз су мәселесі шешілді

Қорлан Нұрланқызы
05.05.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz