Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Қоскүдік ауылында бір көшенің тұрғындары толық құрамда дауыс берді

Республикалық референдум күні Алматы облысы Іле ауданына қарасты Қоскүдік ауылында ерекше жағдай тіркелді. Мұнда бір көшенің тұрғындары азаматтық белсенділік танытып, сайлау учаскесіне бірге келіп, түгелдей дауыс берді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
15.03.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Бақылаушылардың айтуынша, ауылда барлығы 103 үй ғана бар екенін ескерсек, бұл – тұрғындардың жоғары ұйымшылдығы мен белсенділігін көрсететін жақсы көрсеткіш.

Ауыл тұрғыны Келтай Шаяхметовтың айтуынша, Қоскүдік халқы ежелден ауызбіршілігімен ерекшеленеді. Елді мекен кезінде теміржол станциясы ретінде құрылғандықтан, мұнда бірнеше ұрпақ бойы теміржол саласында еңбек етіп келе жатқан отбасылар бар.

«Қоскүдік ауылының тұрғындары әрдайым ұйымшыл. Біздің отбасымыз да бірнеше буыннан бері теміржол саласында жұмыс істейді. Осы жолы өз көшімізде тұратын 25 көршімізбен алдын ала келісіп, референдумға бірге қатысуды ұйғардық. Мемлекет болашағы айқындалатын осындай маңызды сәтте шетте қалғымыз келмеді. Біздің бастамамызды көршілер бірден қолдап, бәріміз бірге келіп дауыс бердік», – деді ол.

Тұрғындардың айтуынша, мұндай бастамалар ауылдағы бірлікті нығайтып қана қоймай, жастарға да жақсы үлгі болады.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады

Қорлан Нұрланқызы
21.03.2026

Қонаевта Наурыз кең көлемде тойланды: этноауыл, концерт және ағаш отырғызу акциясы өтті

Қорлан Нұрланқызы
21.03.2026

Қазақстанда мемлекеттік қызметшілердің әдеп стандарттары жаңартылды

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Қазақстан бойынша Digital Nauryz аясында ЖИ-дәрістер мен ашық кездесулер өтеді

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Қазақстанда техникалық байқау қағидаларына өзгерістер енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz