Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қазақстан XXV қысқы Олимпиадада нешінші орын алды?

Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында өткен XXV қысқы Олимпия ойындарының қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте 94 елдің ішінде 19-орынға тұрақтады, деп хабарлайды alataunews.kz Спорт комитетінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Қорлан Нұрланқызы
23.02.2026
Жаңалықтар

Комитет мәліметінше, отандастарымыз қысқы спорт түрлерінде дәстүрлі түрде жүлде алып жүрген Финляндия мен Бельгия құрамаларын артта қалдырған. Қазақстан құрамасы бұған дейін үздік жиырма елдің қатарына соңғы рет 1994 жылы енген болатын.

Бұл Олимпиадада Қазақстан қоржынына жалғыз алтын медальді мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров салды. Сонымен қатар, өзге спортшылар да жоғары нәтижелер көрсетіп, ұлттық құраманың табысты өнер көрсетуіне үлес қосты.

Атап айтқанда, мәнерлеп сырғанаудан 19 жастағы Софья Самоделкина Олимпиададағы дебютінде 207,46 ұпай жинап, жеке рекордын жаңартып, 10-орын иеленді. Конькимен жүгіруден Надежда Морозова 3000 метр қашықтықта 6-орынға тұрақтаса, Елизавета Голубева 1500 метрде 7-орыннан көрінді.

Шаңғымен тұғырдан секіруде 19 жастағы Илья Мизерных үлкен трамплин бағдарламасында 8-орын алды. Шорт-тректе Денис Никиша 500 метр қашықтықта 7-орынға ие болды. Ал фристайл-могулда Анастасия Городко 8-орын, Павел Колмаков 9-орын көрсеткішіне қол жеткізді.

Спорт комитеті ұлттық құраманың бұл нәтижесі қазақстандық қысқы спорттың дамуындағы маңызды кезеңдердің бірі екенін атап өтті.

Тегтер: Басты жаңалықтарҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында заңсыз қоқыс полигонындағы өрт оқшауланды

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Алматы облысында 1,5 миллион тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімі жиналды

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында жүлде алған Алматы облысының спортшылары марапатталды

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Алматы облысында туристік нысандарға апаратын 95 шақырым жол жөнделіп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Меншікті қорғау құқығы – азаматтардың заңды мүдделерінің кепілі

Акжаркын
16.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz