Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалық

Демалыс күндері ауа райы өзгереді: боран, жаңбыр және қатты аяз болжанды

«Қазгидромет» РМК алдағы демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
20.02.2026
Жаңалық

Мамандардың мәліметінше, еліміздің басым бөлігінде циклон мен атмосфералық фронттардың ықпалы сақталып, әртүрлі қарқындылықтағы жауын-шашын күтіледі. Солтүстік және шығыс өңірлерде қар жауып, кей жерлерде қалың қар түсуі мүмкін.

Ал оңтүстік облыстарда жауын-шашын негізінен жаңбыр түрінде болжанып отыр. Сонымен қатар, бірқатар аймақта екпінді жел күшейіп, боран, көктайғақ және тұман сияқты қолайсыз құбылыстар байқалуы ықтимал.

Синоптиктердің айтуынша, демалыс күндерінің соңына қарай ауа райы жағдайы өзгеріп, батыс өңірлерге антициклон ығыса бастайды.

«Циклоннан кейін Батыс Сібір жазығы аудандарынан антициклон батыс аймақтарға жылжиды. Соның әсерінен жауын-шашын тоқтап, ауа температурасы төмендейді. Түнгі уақытта батыс облыстарда ауа температурасы 10–22 градус аязға дейін, солтүстік өңірлерде 17–25 градус аязға дейін, ал оңтүстікте 0–8 градус аязға дейін төмендейді», – делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.

Метеорологтардың болжамынша, 23 ақпаннан бастап елдің солтүстік-батысында, ал 24 ақпаннан бастап солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде ауа температурасының күрт төмендеуі күтіледі. Кей аймақтарда аяз 25–37 градусқа дейін жетуі мүмкін.

Мамандар тұрғындарға ауа райының күрт өзгеруіне байланысты сақтық шараларын күшейтіп, жолға шығар алдында ресми болжамдарды қадағалап отыруға кеңес берді.

Тегтер: ауа райықазақстан

Соңғы жаңалықтар

Көктөбе телемұнарасында 15 наурызға дейінгі кері санау таймері іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
20.02.2026

19 ақпаннан бастап күшіне енді: қызылша анықталса, екпе алмаған балалар мектепке бармайды

Қорлан Нұрланқызы
20.02.2026

Демалыс күндері ауа райы өзгереді: боран, жаңбыр және қатты аяз болжанды

Қорлан Нұрланқызы
20.02.2026

Қонаевта жаңа Конституция жобасы таныстырылды:

Қорлан Нұрланқызы
20.02.2026

Алатауда үй жануарлары азығын өндіретін зауыт салынады

Қорлан Нұрланқызы
20.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz