Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында құқықбұзушылықтың алдын алу мәселелері талқыланды

Алматы облысының әкімі төрағалығымен құқықбұзушылықтардың алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
14.02.2026
Аймақ, Алматы облысы

Жиынға құқық қорғау органдары мен прокуратура өкілдері, облыстық басқарма басшылары, сондай-ақ аудан және қала әкімдері онлайн форматта қатысты.

Күн тәртібінде электронды темекінің заңсыз айналымының алдын алу, ақша бопсалау деректеріне қарсы шаралар, интернет-алаяқтықпен күрес және кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері қаралды.

Облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Бағдат Әшімов аймақта жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық деңгейінің төмендегенін атап өтті. Дегенмен, шешімін күткен мәселелердің бар екенін жеткізді. Оның айтуынша, құқық бұзған балалардың жартысына жуығы алдын ала есепте тұрмаған. Бұл білім беру ұйымдарында девиантты мінез-құлықты ерте анықтау жұмыстарының жеткіліксіздігін көрсетеді. Сонымен қатар, тәуекел топтарымен жүйелі жұмыс жүргізудің маңыздылығы айтылды.

Облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ақмарал Әтенбекова кәмелетке толмағандарға қатысты құқықбұзушылықтың алдын алу кешенді тәсілді талап ететінін айтты. Басым бағыттардың қатарында мектеп психологтарының жұмысын жетілдіру, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар мен білім ұйымдары арасындағы өзара іс-қимылды күшейту көзделген.

Жиынды қорытындылаған облыс әкімі Қонаев қаласы әкімдігіне, аудан әкімдеріне, облыстық полиция департаментіне және білім басқармасына жүйелі шараларды әзірлеу және іске асыру бойынша нақты тапсырмалар берді.

Сонымен қатар, биылғы жылдың бірінші тоқсанында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның алғашқы отырысы өткізілді. Онда ветеринариялық станса қызметі, жер қатынастары саласы және бюджеттік процестердің ашықтығын қамтамасыз ету бағытындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері қаралды.

Облыс әкімі сыбайлас жемқорлықпен күрес әр мемлекеттік қызметкердің жеке жауапкершілігі екенін атап өтіп, бұл бағыттағы жұмыстар барлық деңгейде жүйелі әрі нәтижелі жүргізілуі тиіс екенін айтты.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарқазақстан

Соңғы жаңалықтар

Еңбекшіқазақ ауданында адасып кеткен балықшы аман-есен табылды

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Алматы облысында алма бақтарын зиянкестерден қорғаудың жаңа технологиясы енгізілуде

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Алматы облысында өртенген кәуапханадан 5 газ баллоны шығарылды

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Алматы облысындағы түзеу мекемесінде қылмыстық топ құрған 10 адамға үкім шықты

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Қазақстанда білім гранттарына құжат қабылдау мерзімі белгілі болды

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz