Жаңа талап 2026 жылғы 1 ақпаннан бастап күшіне енеді. Қорытындыны Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық бөлімшелері нысанда өрт-техникалық тексеру жүргізгеннен кейін береді.
Яғни, құрылыс толық аяқталғанымен, ғимараттың өрт қауіпсіздігі талаптарына сай екені дәлелденбейінше, тұрғындарды қоныстандыруға рұқсат берілмейді.
Мамандардың айтуынша, жаңа тәртіп азаматтардың қауіпсіздігін күшейтуге бағытталған. Биік тұрғын үйлерде өрт қаупі жоғары әрі эвакуациялау жұмыстары күрделі болатынын ескере отырып, мемлекет бұл саладағы бақылауды жүйелі түрде күшейтіп отыр.
Сонымен қатар, талаптардың қатаңдауы құрылыс салушылар мен тапсырыс берушілердің жауапкершілігін арттыруға ықпал етеді.
Аталған нормалар «Азаматтық қорғау туралы» заңда нақты бекітілген. Құжатта азаматтардың өмірі мен мүлкін қорғау мемлекеттің басым міндеттерінің бірі ретінде айқындалған.




