Оның айтуынша, ұсыныстардың бірі Қазақстандағы президент сайлауының өткізілу мерзіміне қатысты.
Әділет министрі Конституцияның 41-бабына өзгеріс енгізу ұсынылып отырғанын мәлімдеді. Бұл бапта президент сайлауының нақты күні көрсетілген.
Қазіргі редакцияға сәйкес, Қазақстанда президент сайлауы желтоқсан айының бірінші жексенбісінде өтеді.
Сәрсембаевтың сөзінше, мұндай норма белгілі бір жағдайларда ыңғайсыздық туындатуы мүмкін.
«Бұл норма әртүрлі объективті мән-жайларды ескеруге мүмкіндік бермейді әрі өкілеттілік мерзімінің аяқталуы мен сайлау күні арасындағы мерзімдік айырмашылықтың пайда болуына әкеп соғуы мүмкін», – деді министр.
Осыған байланысты, Конституцияның 41-бабына президент сайлауы өкілеттілік мерзімінің аяқталуына кемінде екі ай қалғанда өтеді деген жаңа тәртіп енгізу көзделіп отыр.
Министрдің айтуынша, бұл өзгеріс сайлау күнін мемлекет басшысының өкілеттілігі аяқталатын уақытқа нақты байланыстырады және құқықтық айқындықты қамтамасыз етеді.
«Бұл редакцияда мемлекет басшысының сайлау күні оның өкілеттілік мерзімінің аяқталу күніне орай белгіленіп, құқықтық айқындық қамтамасыз етіледі», – деп түсіндірді Ерлан Сәрсембаев.





