Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қазақстанда 2026–2028 жылдары 3,6 млн «ақылды» су есептегіш орнатылады

Қазақстанда су саласын цифрландыру аясында 2026–2028 жылдары 3,6 миллионнан астам «ақылды» су есептегіш құрылғысын орнату жоспарланып отыр. Бұл туралы өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Қуандық Қажкенов Үкімет отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
13.01.2026
Жаңалықтар

Оның айтуынша, су арналары кәсіпорындарының қызметін кезең-кезеңімен автоматтандыру көзделген. Бұл өз кезегінде апаттар санын азайтуға, электр энергиясына кететін шығындарды қысқартуға және жабдықтардың қызмет ету мерзімін ұзартуға мүмкіндік береді. Аталған іс-шараларды жүзеге асыру үшін Дүниежүзілік банктің қаржысын тарту жоспарланып отыр.

Вице-министрдің мәліметінше, отандық және халықаралық сарапшылардың қатысуымен Астана, Шымкент, Орал, Екібастұз және Шахтинск қалаларындағы су арналарының қызметі жан-жақты бағаланған. Нәтижесінде процестерді оңтайландыру бойынша нақты ұсыныстар әзірленіп, біртұтас цифрлық шешімдерді кезең-кезеңімен енгізуді көздейтін техникалық-экономикалық негіздеме дайындау үшін техникалық тапсырма жасалған.

«Сумен жабдықтау аспаптарын орнату бойынша өтінімдерді қалыптастыру мақсатында әкімдіктермен және табиғи монополия субъектілерімен бірлескен жұмыс жүргізіліп жатыр. 2026–2028 жылдары 3,6 миллионнан астам “ақылды” су есептеу құрылғыларын орнату жоспарлануда», – деді Қуандық Қажкенов.

Сонымен қатар, су саласына халықаралық тәжірибені енгізу мақсатында былтыр жетекші еуропалық және азиялық басқарушы компаниялармен келіссөздер жүргізілген.

«Нәтижесінде әлемнің көптеген елдерінде, соның ішінде АҚШ, Франция, Италия, Испания, БАӘ, Жапония, Сингапур, Катар және өзге де мемлекеттерде тәжірибесі бар ірі халықаралық желілік операторлар – Veolia, Suez және Aqualia компанияларымен ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды», – деді вице-министр.

Оның сөзінше, бұл формат активтерді жеке компанияларға беру емес, мемлекеттің бақылауын сақтай отырып, басқарушылық құзыреттер мен халықаралық үздік тәжірибелерді тартуға бағытталған. Қазіргі уақытта бірқатар азиялық компаниялармен, соның ішінде Manila Water Company және China Civil Engineering Construction ұйымдарымен келіссөздер жалғасып жатыр.

Мамандардың айтуынша, «ақылды» су есептегіштерді енгізу су ресурстарын тиімді пайдалануға, шығындарды азайтуға және коммуналдық қызметтердің ашықтығын арттыруға мүмкіндік береді.

Тегтер: ауызсуқазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында заманауи спорт нысаны пайдалануға берілді

Қорлан Нұрланқызы
04.05.2026

5–7 мамырға ауа райы болжамы: жаңбыр, жел және тұман күтіледі

Қорлан Нұрланқызы
04.05.2026

Алматы облысында жасөспірімдер арасында жаппай төбелес болды

Қорлан Нұрланқызы
04.05.2026

Алматы облысы әлем мергендерін жинады: Әлем кубогы басталды

Қорлан Нұрланқызы
04.05.2026

Үш күнде 760 тонна қоқыс: Алматы облысында ауқымды тазалық акциясы өтті

Қорлан Нұрланқызы
03.05.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz