Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қазақстан азаматтығына үміткерлер үшін тестілеудің талаптары жарияланды

2026 жылғы 3–10 ақпан аралығында Қазақстан азаматтығын алуға үміткерлер үшін міндетті тестілеуге өтінімдер қабылданады. Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығы мәлімдеді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
12.01.2026
Жаңалықтар

Белгілі болғандай, өтінімді Ұлттық тестілеу орталығының ресми сайтында немесе UTO мобильді қосымшасы арқылы беруге болады. Ал тестілеу 11 ақпанда өтеді.

Тестілеу үш негізгі блоктан тұрады. Атап айтқанда, үміткерлер:

  • қазақ тілі бойынша – 30 тапсырма (өту үшін ең төменгі ұпай – 15);

  • Қазақстан Республикасының Конституция негіздері бойынша (қазақ немесе орыс тілінде) – 40 тапсырма (ең төменгі ұпай – 20);

  • Қазақстан тарихы бойынша (қазақ немесе орыс тілінде) – 30 тапсырма (ең төменгі ұпай – 15) тест тапсырады.

Орталық мамандарының мәліметінше, тестілеу бойынша ең жоғары балл – 100, ал шекті өту балы – 50.

Жалпы тестілеудің ұзақтығы 2 сағат 10 минутты құрайды. Мүмкіндігі шектеулі тұлғалар үшін қосымша 30 минут уақыт беріледі.

Сонымен қатар, үміткерлер үшін ақылы тәжірибелік тестілеуден өту мүмкіндігі қарастырылған. Оның құны 3 355 теңге. Ал негізгі тестілеуге қатысу ақысы 14 693 теңгені құрайды.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда паспорт алу рәсімі жеңілдетілетіні хабарланған болатын. Сондай-ақ 2025 жылдың қазан айында қазақстандық паспорттың жаңа дизайны әзірленетіні белгілі болған.

Тегтер: Басты жаңалықтарқазақстан

Соңғы жаңалықтар

Меншікті қорғау құқығы – азаматтардың заңды мүдделерінің кепілі

Акжаркын
16.09.2026

Таза Қазақстан – болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік

Акжаркын
16.09.2026

Жаңа дәуірдің басты құжаты – Конституция

Акжаркын
16.09.2026

Құқық бұзушылықтың алдын алу – ортақ іс

Акжаркын
16.09.2026

Алматы облысының прокуратура қызметкеріне қатысты тексеру жүріп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
16.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz