Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алматыда алғашқы крематорий жұмысын бастауға жақын

Алматыда алғашқы крематорийдің жұмысын бастауға дайындық жүріп жатырі, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
12.01.2026
Жаңалықтар

Ведомство мәліметінше, 2026 жылғы 9 қаңтарда Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Ұлттық экономика министрлігі әзірлеген типтік жерлеу ережелері мен қабірді күту ісін ұйымдастыру тәртібіне өзгерістер енгізуді көздейтін бұйрықты тіркеген.

«Жаңа ережелер крематорийлер қызметіне құқықтық негіз қалыптастырады және Қазақстанда кремацияны алғаш рет заң аясында жүргізуге мүмкіндік береді», – делінген басқарманың баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Бұйрық күшіне енгеннен кейін Алматы қаласындағы крематорий барлық санитарлық және құқықтық талаптар сақтала отырып жұмысын бастайды.

Қазіргі таңда қаладағы патологоанатомиялық бюроның қадағалау кеңесі арқылы кремация қызметтерінің баға тізбесі бекітілу үстінде. Қызмет көрсету тәртібі мен тарифтер кейін ресми сайтта жарияланатыны айтылды.

Айта кетейік, Алматыда крематорий салу жоспары алғаш рет 2020 жылдың жазында жарияланған болатын. Құрылыс аяқталғаннан кейін нысанды іске қосу мерзімі бірнеше рет кейінге шегерілді. Қала әкімдігі мұны крематорий қызметін реттейтін санитарлық нормалардың болмауымен және объекті пайдалануға берілген соң оның соңғы баланстық иесін анықтау қажеттілігімен түсіндірген еді.

Тегтер: алматы

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысының прокуратура қызметкеріне қатысты тексеру жүріп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
16.09.2026

Алматы облысының бюджет кірісі бір жылда 60 млрд теңгеге артты

Қорлан Нұрланқызы
16.09.2026

Алматы облысының тұрғыны иттерге балтамен шабуыл жасағанын мойындады

Қорлан Нұрланқызы
16.09.2026

Бояу иісі мен құрылыс шаңы: Іргелідегі мектептің ата-аналары дабыл қақты

Қорлан Нұрланқызы
16.09.2026

Алматы облысында 4317 метр биіктікте жарақат алған турист құтқарылды

Қорлан Нұрланқызы
16.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz