Бұл өзгеріс былтыр Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі және Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі бірлесіп қабылдаған қаулыға сәйкес енгізілді.
Жаңа талаптар 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап:
-
заңды тұлғаларға;
-
жеке кәсіпкерлерге қолданылады.
Сонымен қатар қолма-қол ақша алуға қатысты шектен ресми түрде босатылған субъектілер де бар. Олардың нақты тізімін Ұлттық банк жеке бекітеді.
Ұлттық банк белгілеген лимиттерге сәйкес:
-
шағын бизнес – айына 20 миллион теңгеге дейін;
-
орта бизнес – 120 миллион теңгеге дейін;
-
ірі бизнес – 150 миллион теңгеге дейін қолма-қол ақша ала алады.
Кәсіпкер банкке өтініш береді, ал банк қолданыстағы тәртіп бойынша қаражатты ұсынады. Егер кәсіпкерге белгіленген мөлшерден артық қолма-қол ақша қажет болса, ол қаражатты алу мақсатын растайтын құжаттарды ұсынуға міндетті. Олардың қатарында:
-
шарттар,
-
шоттар,
-
сатып алу актілері,
-
инвойстар,
-
сметалар,
-
бұйрықтар және басқа да құжаттар бар.
Белгіленген шектен асқан жағдайда банк келесі жұмыс күні сағат 10:00-ге дейін Мемлекеттік кірістер комитеті-не:
-
өтінішті,
-
артық алынатын сома көлемін,
-
ақшаны алу мақсатын,
-
компания туралы мәліметтерді,
-
ұсынылған құжаттарды жолдайды.
Мемлекеттік кірістер комитеті келесі жұмыс күнінің соңына дейін:
-
тәуекел анықталса, қолма-қол ақша беруден бас тартуы мүмкін;
-
қауіп жоқ деп танылса, қаражатты беруге рұқсат етеді.
Егер үш жұмыс күні ішінде жауап келмесе, банк қолма-қол ақшаны беруге міндетті. Ал тексеріс нәтижесі бір ай бойы жарамды болып есептеледі.
Жаңа тәртіп кәсіпкерлік қызметтегі қолма-қол ақша айналымын ашық етуге және қаржылық тәуекелдерді азайтуға бағытталған.





