Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қазақстандықтар мемлекеттік органдарға «E-otinish» арқылы онлайн жүгіне алады

Қазақстанда азаматтардың мемлекеттік органдарға жүгінуін жеңілдету мақсатында «бір терезе» қағидаты бойынша жұмыс істейтін E-otinish ақпараттық жүйесі қолданысқа енгізілген, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
06.01.2026
Жаңалықтар

Аталған платформа арқылы әрбір азамат мемлекеттік органдарға, сондай-ақ түрлі мекемелердің бірінші басшыларына тікелей өтініш жолдай алады. Жүйе өтініш берушіге арыздың қаралу барысын онлайн режимде бақылап, дербес қадағалау мүмкіндігін береді.

Сонымен қатар, «E-otinish» жүйесіне келіп түсетін барлық өтініштер мен сұрау салулар мемлекеттік органдардың өздерімен қатар, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы тарапынан да қатаң есепке алынып, бақылауда болады.

Өтініш беру тәртібі мынадай:

  • Платформада авторизациядан өтіп, «Көрсетілетін қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасын таңдау қажет (ол үшін eotinish.kz сайтында тіркелу немесе бір реттік тіркеуден өту керек);

  • Мемлекеттік органды таңдап, өтініш жолдау;

  • Ұсынылған нысанды толық әрі дұрыс толтыру;

  • Өтінішке Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығы берген электрондық цифрлық қолтаңбамен (ЭЦҚ) қол қою;

  • Өтініштің орындалу барысын онлайн бақылау.

Айта кетейік, «E-otinish» ақпараттық жүйесі мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығын арттырып, азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған тиімді цифрлық құрал ретінде жұмыс істеп келеді.

Тегтер: қазақстан

Соңғы жаңалықтар

Меншікті қорғау құқығы – азаматтардың заңды мүдделерінің кепілі

Акжаркын
16.09.2026

Таза Қазақстан – болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік

Акжаркын
16.09.2026

Жаңа дәуірдің басты құжаты – Конституция

Акжаркын
16.09.2026

Құқық бұзушылықтың алдын алу – ортақ іс

Акжаркын
16.09.2026

Алматы облысының прокуратура қызметкеріне қатысты тексеру жүріп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
16.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz