Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қазақстанда 2025 жылы 237 елді мекеннің ауыз су сапасы жақсарды

Су ресурстары және ирригация министрлігі 2025 жыл Қазақстанның су шаруашылығы саласын дамытуда айрықша маңызға ие болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
31.12.2025
Жаңалықтар

Бір жыл ішінде су үнемдеу технологияларының ауқымы кеңейіп, инфрақұрылым жаңартылды, инвестиция көлемі артты және жүздеген елді мекен сапалы ауыз сумен қамтылған.

Министрлік ақпаратына сәйкес, вегетация кезеңінде тұрақты суаруға 11,1 млрд текше метр су алынған. Бұл көлем ауыл шаруашылығы саласының жалпы ішкі өнімінің 30 пайызына дейінгі үлесін қамтамасыз етуге мүмкіндік берген. Егіс алқаптарына су жеткізуді жақсарту және экологиялық мақсаттағы су жіберудің тиімділігін арттыру үшін 1 840 шақырым ирригация каналы механикалық тазалаудан өткізілген.

Ведомство дерегінше, су үнемдеу технологияларын қолдану аумағы 543,5 мың гектарға жеткен. Осылайша, Мемлекет басшысының жыл сайын шамамен 150 мың гектар жаңа алқапта су үнемдеу жүйелерін енгізу жөніндегі тапсырмасы кезең-кезеңімен орындалып жатыр.
Сонымен қатар, 2026–2028 жылдарға арналған су үнемдеу технологияларын субсидиялау көлемі 4 есеге ұлғайтылған. Бұл шара шаруаларды заманауи суару жүйелеріне көшуге ынталандыруға бағытталған.

Ауыз сумен қамту бағытында да нақты нәтижелерге қол жеткізілген. 237 елді мекенде сумен қамту сапасы жақсарып, 2025 жылы 449 мың адам сапалы ауыз суға қол жеткізді.

Су шаруашылығы саласының негізгі капиталына 579 млрд теңге инвестиция тартылған. Министрлік мәліметінше, келесі жылдан бастап Ислам даму банкімен бірлескен су қоймалары мен каналдарды салу және реконструкциялау жобасының алғашқы кезеңі іске асырылмақ.

Кадрлық және техникалық әлеуетті күшейтуге де ерекше көңіл бөлінген. Биыл «Қазсушар» мекемесі қызметкерлерінің жалақысы 50 пайызға дейін артты, ал өңірлік филиалдарға 576 жаңа арнайы техника берілген. Бұл техникалар су шаруашылығы нысандарын салу, жөндеу және тазалау жұмыстарында пайдаланылып жатыр.

Сонымен қатар, су шаруашылығы саласының мыңнан астам маманы Қазақстанда және шетелде біліктілігін арттырған. Оның ішінде 125 маман Қытай кәсіпорындарында оқудан өткен. Ведомство Қытай Халық Республикасымен бірлескен кадр даярлау бағдарламасын жалғастыру туралы келісімге қол жеткізгенін атап өтті.

Бұдан бөлек, қоғамда су үнемдеу мәдениетін қалыптастыруға бағытталған шараларға 2 миллионнан астам оқушы қатысқан. Ел көлемінде су үнемдеу тақырыбында ашық сабақтар, балалар арасындағы сурет байқаулары, экологиялық жарыстар және өзге де ағартушылық іс-шаралар ұйымдастырылған.

Министрлік өкілдерінің айтуынша, атқарылған жұмыстар су ресурстарын тиімді басқаруға, ауыл шаруашылығының тұрақты дамуына және халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуге бағытталған жүйелі саясаттың нәтижесін көрсетеді.

Тегтер: қазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында колонияға 10 телефон жеткізу әрекеті тоқтатылды

Қорлан Нұрланқызы
27.03.2026

Алматы облысында «Қауіпсіз үй» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
27.03.2026

Алматы облысында жол ережесін бұзғандар дрон арқылы анықталды

Қорлан Нұрланқызы
27.03.2026

Парламент Алатау қаласына арнайы мәртебе беретін заңды мақұлдады

Қорлан Нұрланқызы
27.03.2026

Қонаев қаласы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

Қорлан Нұрланқызы
26.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz