Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысы ауыл шаруашылығы техникасын сатып алудан рекорд орнатты

Алматы облысында ауыл шаруашылығы саласын жаңғырту бағытында айтарлықтай жетістікке қол жеткізілді. Өңірде биыл жаңа техника сатып алу жоспары толық орындалып, бұрын-соңды болмаған көрсеткіш тіркелді.

Мөлдір Иманмади
30.12.2025
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар
Фото: Алматы облысының Ауыл шаруашылығы басқармасы

Фото: Алматы облысының Ауыл шаруашылығы басқармасы

Жоспарға сәйкес, 490 бірлік ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу көзделген болатын. Нәтижесінде облыс бойынша жалпы құны 8,5 млрд теңгеге 490 техника алынып, жоспар 100 пайызға орындалды. Бұл – өңір тарихындағы техника сатып алу бойынша ең жоғары көрсеткіш.

Салыстырар болсақ, 2023 жылы облыста 431 бірлік техника сатып алынса, 2024 жылы бұл көрсеткіш 437 бірлікті құраған. Ал биылғы нәтиже өткен жылдармен салыстырғанда айтарлықтай өсімді көрсетіп отыр.

Айта кету керек, шаруалар ауыл шаруашылығы техникаларын «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы лизингтік негізде алған. Бұл тетік фермерлерге заманауи техниканы қолжетімді шарттармен алуына мүмкіндік беріп, егіс пен жинау жұмыстарын тиімді жүргізуге жол ашты.

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев бұл жетістікті өңір агросекторының тұрақты дамуының айқын дәлелі деп атап өтті.

«Ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту – өнімділікті арттырудың және еңбек тиімділігін көтерудің негізгі факторы. Биыл біз бұл бағытта нақты нәтиже көрсеттік. Алдағы уақытта да фермерлерді қолдау, техникалық паркті жаңарту және агроөнеркәсіп кешенінің әлеуетін күшейту жұмыстарын жалғастырамыз», – деді өңір басшысы.

Жаңа техниканың алынуы егін шаруашылығы мен мал шаруашылығындағы жұмыстардың сапасын арттырып, ауыл еңбеккерлерінің жұмысын жеңілдетуге және өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға оң әсерін тигізбек.

Тегтер: Алматы облысы ауыл шаруашылығы басқармасыАуыл шаруашылығыАуыл шаруашылығы техникасыБасты жаңалықтарҚазАгроҚаржыЛизинг

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Шайдоровты ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысының әкімі «ДАМУ» орталығының еңбек ұжымымен кездесті

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысында цифрландыру мен жасанды интеллект талқыланды

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Қонаевта Gas Gun Competition PRS бойынша Алматы облысының кубогі өтті

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысында профилактикалық кабинеттер ашылды

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz