Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Еңбекшіқазақ ауданында заңсыз есірткі өсірген фитозертхана табылды

Алматы облысында есірткі құрамды өсімдіктерді заңсыз өсірген фитозертхана әшкереленді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
30.12.2025
Жаңалықтар

27 желтоқсан күні Алматы облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Еңбекшіқазақ ауданының учаскелік полиция инспекторларымен бірлесіп жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді. Аталған іс-шаралар барысында аудан тұрғыны анықталып, ұсталды.

Тексеру кезінде оның тұрғын үй ауласындағы монша ғимаратында есірткі құрамды өсімдіктерді заңсыз өсіруге арналған фитозертхана ұйымдастырылғаны белгілі болды. Бөлме өсімдіктерді жасанды жағдайда өсіруге қажетті арнайы жабдықтармен толық қамтамасыз етілген.

Тінту барысында құрамында қарасора белгілері бар өсірілген өсімдіктер салынған құмыралар, ультракүлгін және жылу беретін шамдар, желдету құрылғылары, сондай-ақ өсімдіктердің өсуін ынталандыратын тыңайтқыштар мен басқа да құралдар табылып, тәркіленді.

Алматы облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Ардақ Қайсаровтың айтуынша, сот-химиялық сараптама қорытындысына сәйкес тәркіленген өсімдіктер есірткі құралдарына жатады. Олардың жалпы салмағы 5,7 келіден асады.

Аталған дерек бойынша күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп, қылмыстық құқық бұзушылықтың барлық мән-жайын анықтау бойынша қажетті тергеу және процессуалдық әрекеттер атқарылуда.

Полиция азаматтарға есірткі құралдарын заңсыз өсіру және сақтау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді.

Тегтер: Алматы облысықазақстан

Соңғы жаңалықтар

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында жүлде алған Алматы облысының спортшылары марапатталды

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Алматы облысында туристік нысандарға апаратын 95 шақырым жол жөнделіп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Меншікті қорғау құқығы – азаматтардың заңды мүдделерінің кепілі

Акжаркын
16.09.2026

Таза Қазақстан – болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік

Акжаркын
16.09.2026

Жаңа дәуірдің басты құжаты – Конституция

Акжаркын
16.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz