Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қазақстанда Құрылыс кодексі қабылданды

Парламент Мәжілісі Қазақстанның Құрылыс кодексін қабылдады, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
29.12.2025
Жаңалықтар

Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Мұрат Әбеновтің айтуынша, құжат Парламент қабырғасында екі жылға жуық уақыт бойы талқыланған.

«Бұл – биылғы жылдың ең маңызды заң жобаларының бірі. Себебі ол бүкіл қоғамға тікелей қатысты. Құрылыс кодексі жан-жақты қаралды, мемлекеттік органдармен, түрлі ұйымдармен, қауымдастықтармен және бизнес өкілдерімен кең талқылау жүргізілді. Барлығы 2 200-ден астам ұсыныс түсті. Соның 60–70 пайызы ескеріліп, өзгерістер енгізілді. Ең басты мақсат – заң азаматтардың құқығын қорғауы керек», – деді Мұрат Әбенов.

Депутаттың мәліметінше, Сенат негізгі заң бойынша 27, ілеспе заңдар бойынша 2 ұсыныс енгізген.

«Бұл ұсыныстардың барлығы нақтылау және құжатты жетілдіруге бағытталған», – деді ол.

Нәтижесінде Мәжіліс Құрылыс кодексіне Сенат енгізген түзетулермен келісіп, құжатты қабылдады.

Тегтер: қазақстан

Соңғы жаңалықтар

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында жүлде алған Алматы облысының спортшылары марапатталды

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Алматы облысында туристік нысандарға апаратын 95 шақырым жол жөнделіп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Меншікті қорғау құқығы – азаматтардың заңды мүдделерінің кепілі

Акжаркын
16.09.2026

Таза Қазақстан – болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік

Акжаркын
16.09.2026

Жаңа дәуірдің басты құжаты – Конституция

Акжаркын
16.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz