Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алматы облысының Ұзынағаш ауылында жаңа емхана ашылды

Алматы облысы Жамбыл ауданына қарасты Ұзынағаш ауылында жаңа емхана пайдалануға берілді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
29.12.2025
Жаңалықтар

Салтанатты ашылу рәсіміне Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев пен облыс әкімінің бірінші орынбасары Қанат Есболатов қатысты. Сондай-ақ іс-шараға басқарма басшылары, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері және медицина саласының ардагерлері жиналды.

Өңір басшысы жиналған қауымды жаңа медициналық мекеменің ашылуымен құттықтап, заманауи талаптарға сай жабдықталған емханада тұрғындарға сапалы медициналық қызмет көрсетуге барлық жағдай жасалғанын атап өтті.

«Денсаулық сақтау жүйесін дамыту – мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі. Мемлекет басшысы өңірлерде алғашқы медициналық-санитарлық көмекті күшейтудің маңызын үнемі айтып келеді. Бұл емхананың ашылуы – сол жүйелі жұмыстың нақты нәтижесі. Мұнда медицина қызметкерлерінің тиімді жұмыс істеуіне барлық мүмкіндік қарастырылған», – деді Марат Сұлтанғазиев.

Жаңа емхана 200 мыңнан астам тұрғынға қызмет көрсетуге есептелген және тәулігіне 250 адам қабылдай алады. Медициналық мекеме заманауи құрал-жабдықтармен толық қамтылған. Атап айтқанда, жоғары технологиялы диагностикалық аппараттар, цифрлық рентген, ультрадыбыстық зерттеу құрылғылары, зертханалық талдау жүйелері, телемедицина мүмкіндіктері және жедел медициналық көмекке арналған жабдықтар орнатылған.

Емхананың штаттық құрамында 324 қызметкер бар. Оның ішінде 98-і дәрігер болса, 66-сы бейінді мамандар. Орта медициналық персонал – 194 адам, кіші медициналық персонал – 24. Сондай-ақ өзге бағыттар бойынша 8 қызметкер еңбек етеді.

Айта кетейік, Алматы облысында «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 38 денсаулық сақтау нысанын салу жоспарланған. Олардың қатарында 13 дәрігерлік амбулатория, 14 фельдшерлік-акушерлік пункт және 11 медициналық пункт бар. Жобалардың жалпы құны 8,2 млрд теңгеден асады. Қазіргі таңда 12 нысан пайдалануға беріліп, қалғандарын жыл соңына дейін іске қосу көзделген.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарқазақстан

Соңғы жаңалықтар

Іле ауданында Наурыз жаңа форматта аталып өтті

Мөлдір Иманмади
22.03.2026

Марат Сұлтанғазиев Талғар төріндегі Наурыз тойына қатысты

Қорлан Нұрланқызы
22.03.2026

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев тұрғындарды Наурыз мерекесімен құттықтады

Қорлан Нұрланқызы
21.03.2026

Қуанса, бала қуансын: Марат Сұлтанғазиев балалармен бірге Наурызды қарсы алды

Қорлан Нұрланқызы
21.03.2026

Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады

Қорлан Нұрланқызы
21.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz