Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Ұйғыр ауданында ауыл тұрғындары көгілдір отынға қосылды

Алматы облысы Ұйғыр ауданына қарасты шалғай елді мекендердің бірі – Тасқарасу ауылында газ құбырын пайдалануға беру рәсімі өтті, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
27.12.2025
Жаңалықтар

Салтанатты шара барысында тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарға табиғи газдың берілгенін білдіретін символикалық алау жағылды.

Іс-шараға жергілікті атқарушы органдардың, қоғамдық ұйымдардың өкілдері мен ауыл тұрғындары қатысты. Ауыл халқын маңызды оқиғамен Ұйғыр ауданының әкімі Бота Елеусізова құттықтады. Оның айтуынша, елді мекендерді газдандыру тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған маңызды қадам.

«Инженерлік инфрақұрылымды кезең-кезеңімен дамыту – ауыл тұрғындарының тұрмысын жақсартудың негізгі бағыттарының бірі. Бұған дейін тұрғындар жылыту маусымында көмір мен отынға қомақты қаржы жұмсайтын. Табиғи газға көшу арқылы бұл мәселе шешіліп, тұрмыс жағдайы анағұрлым қауіпсіз әрі қолайлы бола түседі», – деді аудан әкімі.

Тасқарасу ауылында 568 тұрғын үй бар, онда 3 мыңнан астам адам тұрады. Аудан орталығы – Шонжы ауылынан елді мекенге дейін ұзындығы 40 шақырым болатын газ құбыры тартылған. Қазіргі таңда алғашқы 32 отбасы газ жүйесіне қосылды.

Мамандардың айтуынша, елді мекендерді газдандыру өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына да серпін береді. Табиғи газға қолжетімділік шағын және орта бизнесті, ауыл шаруашылығы мен өндіріс саласын дамытуға мүмкіндік жасап, экологиялық жағдайдың жақсаруына оң әсер етеді.

Алматы облысының энергетика және сумен жабдықтау басқармасының дерегінше, бүгінде өңірде 1,2 млн-нан астам тұрғын табиғи газға қол жеткізген. Қонаев пен Алатау қалаларында және бірқатар елді мекендерде газ құбырларының құрылысы жалғасып жатыр. Бұл мақсатқа шамамен 11 млрд теңге қарастырылған. Сондай-ақ шалғай орналасқан Кеген және Райымбек аудандарын газдандыру жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда.

Тегтер: Алматы облысықазақстан

Соңғы жаңалықтар

Іле ауданында Наурыз жаңа форматта аталып өтті

Мөлдір Иманмади
22.03.2026

Марат Сұлтанғазиев Талғар төріндегі Наурыз тойына қатысты

Қорлан Нұрланқызы
22.03.2026

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев тұрғындарды Наурыз мерекесімен құттықтады

Қорлан Нұрланқызы
21.03.2026

Қуанса, бала қуансын: Марат Сұлтанғазиев балалармен бірге Наурызды қарсы алды

Қорлан Нұрланқызы
21.03.2026

Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады

Қорлан Нұрланқызы
21.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz