Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алматы облысының әкімі ауыл мектептерінің олимпиада жеңімпаздарымен кездесті

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев ауыл мектептерінің 9–11 (12) сынып оқушылары арасында өткен жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың IV қорытынды кезеңінің жеңімпаздары және жүлдегерлерімен кездесті, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
27.12.2025
Жаңалықтар

Кездесу жас дарындарды қолдауға, олардың еңбегін бағалап, білім мен ғылымға деген қызығушылығын арттыруға бағытталды.

Республикалық кезеңге Алматы облысынан жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша 36, қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша 30 оқушы жолдама алған. Нәтижесінде 34 оқушы жүлделі орындарға ие болып, облыс әкімінің қолынан Алғыс хаттармен марапатталды.

Биыл да Алматы облысының командасы жоғары нәтиже көрсетіп, жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша командалық І орынды жеңіп алды. Бұл өңірдегі ауыл мектептерінде білім сапасының тұрақты түрде өсіп келе жатқанын көрсетеді.

Жекелеген жетістіктер де атап өтілді. Еңбекшіқазақ ауданы Рахат ауылындағы №1 орта мектептің оқушысы Абдыхамит Нұрислам республикалық олимпиаданың абсолют жеңімпазы атанып, бұл жетістігін үш жыл қатарынан қайталады. Ал Іле ауданы №38 мектеп-гимназиясының оқушысы Бекмухамед Айша екі жыл қатарынан «Үздік ауыл мектебінің оқушысы» номинациясын иеленді. Қос оқушы да бүгінде еліміздің жетекші жоғары оқу орындарының мемлекеттік грант иегерлері атанып отыр.

Сонымен қатар Қарасай ауданы Алмалыбақ орта мектебі мен Іле ауданы №38 мектеп-гимназиясы «Үздік олимпиада мектептері» аталымына ие болды. Командалық есепте Іле және Ұйғыр аудандары – 7, Талғар ауданы – 6 жүлделі орынмен үздіктер қатарынан көрінді.

Кездесу барысында облыс әкімі оқушыларды құттықтап, олардың табандылығы мен білімге деген ұмтылысын ерекше атап өтті.

«Сіздердің жетістіктеріңіз – ауыл мектебінің әлеуеті жоғары екенін дәлелдейді. Осындай талапты жастар барда еліміздің болашағы нық болады», – деді Марат Сұлтанғазиев.

Шараға облыс әкімдігі, білім басқармасы, «Жас дарын» ғылыми-практикалық орталығының өкілдері мен марапатталған оқушыларды қоса алғанда, барлығы 60 адам қатысты.

Тегтер: Алматы облысықазақстан

Соңғы жаңалықтар

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында жүлде алған Алматы облысының спортшылары марапатталды

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Алматы облысында туристік нысандарға апаратын 95 шақырым жол жөнделіп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Меншікті қорғау құқығы – азаматтардың заңды мүдделерінің кепілі

Акжаркын
16.09.2026

Таза Қазақстан – болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік

Акжаркын
16.09.2026

Жаңа дәуірдің басты құжаты – Конституция

Акжаркын
16.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz