Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алматы облысында «Күрті – Қонаев» автожолы толық жаңғыртылды

Алматы облысында «Күрті – Қонаев» автожолы (0–67 шақырым) қайта жаңғыртылып, төрт жолақты қозғалыс ашылды. Жоба халықаралық «Орталық – Оңтүстік» көлік дәлізінің «Астана – Қарағанды – Балқаш – Алматы» бағыты бойындағы маңызды буын саналады. Қаржыландыру Еуропалық қайта құру және даму банкінің есебінен жүргізілді, деп хабарлайды https://www.alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
26.12.2025
Жаңалықтар

Жолдың қайта жаңғырту аясында төрт көпір, бір көлік айрығы, бір жол өткелі, бес бұрылыс алаңы және 61 су өткізу құбыры салынды. Жобада 305 маман мен 104 бірлік техника жұмылдырылды.

«Бұл жол Алматы облысы үшін стратегиялық маңызды. Төрт жолақты қозғалыстың ашылуы көлік шығындарын азайтып, логистиканы тиімді етеді», – деді «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Дархан Иманашев.

Сонымен қатар, биыл өңірде 178 шақырым облыстық маңызы бар жол және 341 шақырым республикалық маңызы бар автожол жөндеуден өтті. Жөндеу жұмыстары жол қауіпсіздігін арттыруға, қозғалыс жылдамдығын қамтамасыз етуге және бизнес пен тұрғындар үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған.

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев жобалардың аймақ инфрақұрылымын жақсартудағы маңызын атап өтті. «Ұзындығы 67 шақырым «Күрті – Қапшағай» жолы – жүйелі жол жаңғырту жұмыстарының бір бөлігі. Бұл өңірдің транзиттік әлеуетін күшейтеді», – деді әкім.

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы 2026 жылы да жол жобаларын жалғастырып, өтпелі учаскелерді аяқтау және автожолдардың қауіпсіздігін арттыру бойынша жұмыстарды жүзеге асыруды жоспарлап отыр.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарқазақстан

Соңғы жаңалықтар

Screenshot

Алматы облысында «Мөлдір бұлақ» акциясы өтті: Киелі-Бұлақ тазартылды

Мөлдір Иманмади
23.03.2026

Іле ауданында Наурыз жаңа форматта аталып өтті

Мөлдір Иманмади
22.03.2026

Марат Сұлтанғазиев Талғар төріндегі Наурыз тойына қатысты

Қорлан Нұрланқызы
22.03.2026

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев тұрғындарды Наурыз мерекесімен құттықтады

Қорлан Нұрланқызы
21.03.2026

Қуанса, бала қуансын: Марат Сұлтанғазиев балалармен бірге Наурызды қарсы алды

Қорлан Нұрланқызы
21.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz