Top.Mail.Ru
Понедельник, 2 февраля, 2026
  • Рус
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
Whatsapp
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Ақтөбе облысы
    • Ақмола облысы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Батыс Қазақстан облысы
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Қарағанды облысы
    • Қостанай облысы
    • Қызылорда облысы
    • Маңғыстау облысы
    • Павлодар облысы
    • Солтүстік Қазақстан облысы
    • Түркістан облысы
    • Ұлытау облысы
    • Шымкент қаласы
    • Шығыс Қазақстан облысы
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Мультимедиа
    • Инфографика
    • Фотогалерея
    • Аудиожазба
    • Бейнеролик
  • Жұмысшы мамандықтар жылы
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Ақтөбе облысы
    • Ақмола облысы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Батыс Қазақстан облысы
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Қарағанды облысы
    • Қостанай облысы
    • Қызылорда облысы
    • Маңғыстау облысы
    • Павлодар облысы
    • Солтүстік Қазақстан облысы
    • Түркістан облысы
    • Ұлытау облысы
    • Шымкент қаласы
    • Шығыс Қазақстан облысы
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Мультимедиа
    • Инфографика
    • Фотогалерея
    • Аудиожазба
    • Бейнеролик
  • Жұмысшы мамандықтар жылы
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Home Без рубрики

Ақтаудағы AZAL ұшағының апаты: тергеудің аралық нәтижелері жарияланды

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Azerbaijan Airlines әуе компаниясына тиесілі Embraer 190 (4K-AZ65) әуе кемесімен Ақтау маңында болған авиациялық оқиғаға қатысты тергеудің аралық хабарламасын жариялады, деп хабарлайды alataunews.kz.

by Қорлан Нұрланқызы
26.12.2025
in Без рубрики

Ведомство мәліметінше, 2024 жылғы 25 желтоқсанда Баку – Грозный бағыты бойынша J2-8243 жолаушылар рейсін орындаған ұшақ Ақтау қаласының маңында апатқа ұшыраған. Қайғылы оқиға салдарынан 38 адам қаза тауып, оның ішінде 3 экипаж мүшесі бар. Тағы 29 адам әртүрлі дәрежедегі жарақат алған.

Аталған факті бойынша ҚР Көлік министрінің міндетін атқарушының 2024 жылғы 26 желтоқсандағы №433 бұйрығымен арнайы тергеу комиссиясы құрылды. Қазіргі таңда комиссия авиациялық оқиғаның себептері мен ілеспе факторларын анықтау бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.

Тергеу комиссиясының жұмысына Әзербайжан, Ресей және Бразилия мемлекеттерінің уәкілетті өкілдері, сондай-ақ Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) бақылаушысы қатысуда. 2025 жылғы 4 ақпанда ИКАО-ның 13-қосымшасына сәйкес алдын ала есеп дайындалған.

Аралық есепті әзірлеу барысында комиссия экипаж мүшелері мен әуе қозғалысын басқару диспетчерлері туралы деректерді, ұшуды жоспарлау және орындау құжаттарын, метеорологиялық ақпаратты, сондай-ақ техникалық қызмет көрсету материалдарын жинап, жан-жақты талдаған. Борт журналы мен өзге де ұшу құжаттарының көшірмелері алынды.

Сонымен қатар, борттық тіркеу құрылғыларымен жұмыс жүргізілген. Ұшу деректерін тіркеушіден (FDR) алынған мәліметтер сәйкестендіріліп, талдау сатысында тұр. Комиссия әуе кемесінің апат орнына егжей-тегжейлі тексеру жүргізіп, фото және бейнетіркеу жасап, ұшақтың негізгі агрегаттарын оқиға орнынан жинап алған.

Тергеу аясында бірқатар сараптамалар өткізілді. Анықталған бөгде металл заттарға кешенді трасологиялық, баллистикалық, жарылыс-техникалық және өрт сараптамасы жүргізілген. Нәтижесінде жарылғыш заттардың іздері табылған жоқ. Үш оттегі баллонында да жарылыс белгілері анықталмаған. Алайда ұшақтағы кейбір зақымдар оқ-дәрі бөліктерінің зақымдаушы элементтерінің әсерінен болуы мүмкін деген болжам бар, олардың нақты тиесілігі анықталмаған.

№2 гидравликалық жүйе түтігінің бір бөлігіне жүргізілген сараптама түтіктің қатты заттармен жанасу нәтижесінде зақымданғанын көрсетті. Зақымданулар болат негізіндегі металл фрагменттерінен пайда болуы мүмкін.

Сондай-ақ Honeywell International Inc зауытында орталық техникалық қызмет көрсету компьютерінің (CMC) кассетасына зерттеу жүргізілді. Алайда термиялық әсер салдарынан деректерді алу мүмкін болмаған. Осыған байланысты жад картасын өндіруші Delkin Devices Inc зауытында қосымша зерттеу жүргізу мәселесі қарастырылып жатыр.

Ал CMC Electronics базасында авиониканың №1 және №3 модульдерінен алынған GPS кассеталары зерттеліп, қазіргі уақытта алынған мәліметтерге талдау жүргізілуде.

Комиссия екі жұмыс тобын құрды. Оның бірі қақтығыс аймақтарының үстінен немесе оларға жақын аумақта ұшуларды орындау кезіндегі тәуекелдерді бағалауға бағытталған. Бұл ретте Ресей мен Әзербайжанның авиациялық билік органдары және Azerbaijan Airlines ұсынған құжаттар зерделеніп жатыр. Сонымен бірге азаматтық және әскери авиацияның өзара іс-қимыл мәселелері де қаралуда.

Екінші жұмыс тобы гидравликалық жүйе элементтерін нақты есептеу және қайта құрастыру жұмыстарымен айналысқан. Бұл жұмыстар Ақтау қаласында жүргізіліп, қазіргі таңда аяқталған, нәтижелері талдау сатысында.

Көлік министрлігі тергеу комиссиясы барлық қорытындылар тек нақты деректерге сүйене отырып жасалатынын атап өтті. Авиациялық оқиғаны тергеп-тексерудің түпкілікті есебі Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің ресми сайтында жарияланатын болады.

Tags: қазақстанұшақ апаты

Ұсынымдар

Желіде тараған Конституция туралы жалған ақпаратқа полиция пікір білдірді

02.02.2026

Алматы облысында 552 шақырым суару желісі жаңғыртылады

02.02.2026

Қазақстанда биік тұрғын үйлерді пайдалануға қабылдау талаптары қатаңдатылды

02.02.2026

Тоқаев 3-4 ақпан күндері Пәкістанға барады

02.02.2026

Желіде тараған ЭЦҚ туралы ақпаратқа министрлік түсініктеме берді

01.02.2026

Жаңа Конституцияның жобасы жарияланды

31.01.2026
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Аймақ
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Мультимедиа
  • Жұмысшы мамандықтар жылы
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Ақтөбе облысы
    • Ақмола облысы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Батыс Қазақстан облысы
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Қарағанды облысы
    • Қостанай облысы
    • Қызылорда облысы
    • Маңғыстау облысы
    • Павлодар облысы
    • Солтүстік Қазақстан облысы
    • Түркістан облысы
    • Ұлытау облысы
    • Шымкент қаласы
    • Шығыс Қазақстан облысы
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Мультимедиа
    • Инфографика
    • Фотогалерея
    • Аудиожазба
    • Бейнеролик
  • Жұмысшы мамандықтар жылы
  • Рус

© 2022-2024 www.alataunews.kz