Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алматы облысында ветеринария саласының автопаркі 68 пайызға жаңартылды

Алматы облысында ветеринария саласының материалдық-техникалық базасын нығайтуға бағытталған жүйелі жұмыс жалғасып жатыр. Облыс әкімінің қолдауымен облыстық ветеринария басқармасы арқылы «Өнеркәсіпті дамыту қоры» ұсынған лизингтік бағдарлама аясында ауылдық округтердің ветеринария дәрігерлеріне 71 бірлік арнайы техника табысталды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
26.12.2025
Жаңалықтар

Жаңа автокөліктердің ішінде 62 дана JAC T6 және 9 дана ГАЗ 231073 бар. Арнайы техниканың кілттері өңірдегі ауылдық округтерде еңбек етіп жүрген ветеринария мамандарына салтанатты түрде тапсырылды.

Айта кетейік, бұған дейін биыл ветеринария бөлімшелеріне 13 автокөлік берілген болатын. Соңғы жеткізілімдерді қоса алғанда, Алматы облысындағы ветеринария саласының автопаркі 68 пайызға жаңартылды.

Жаңа көліктер ветеринария қызметінің жұмыс тиімділігін арттырып, тұрғындардың өтініштеріне жедел әрекет етуге, профилактикалық және эпизоотияға қарсы іс-шараларды уақытылы жүргізуге, сондай-ақ ауылдық елді мекендердегі эпизоотиялық жағдайды тұрақты бақылауға мүмкіндік береді.

2025 жылы Алматы облысында ветеринария саласын дамытуға және оның материалдық-техникалық базасын жаңартуға ерекше назар аударылып отыр. Бұл қабылданып жатқан шаралар өңірдің биологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешеннің тұрақты дамуына оң ықпал етеді.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарқазақстан

Соңғы жаңалықтар

Screenshot

Алматы облысында «Мөлдір бұлақ» акциясы өтті: Киелі-Бұлақ тазартылды

Мөлдір Иманмади
23.03.2026

Іле ауданында Наурыз жаңа форматта аталып өтті

Мөлдір Иманмади
22.03.2026

Марат Сұлтанғазиев Талғар төріндегі Наурыз тойына қатысты

Қорлан Нұрланқызы
22.03.2026

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев тұрғындарды Наурыз мерекесімен құттықтады

Қорлан Нұрланқызы
21.03.2026

Қуанса, бала қуансын: Марат Сұлтанғазиев балалармен бірге Наурызды қарсы алды

Қорлан Нұрланқызы
21.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz