Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

«Ауыл құтқарушылары»: Алматы облысында қауіпсіздік инфрақұрылымы күшейтілді

Алматы облысының бірқатар елді мекенінде азаматтық қорғау жүйесін нығайту және ауыл тұрғындарының қауіпсіздігін арттыру мақсатында «Ауыл құтқарушылары» ведомстволық бағдарламасы аясында жаңа ерікті өрт сөндіру бекеттері пайдалануға берілді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
25.12.2025
Жаңалықтар

Салтанатты ашылу рәсімдері Қарасай ауданының Береке ауылында, Балқаш ауданының Ақкөл ауылында және Жамбыл ауданының Қазыбек бек ауылында өтті. Аталған өрт сөндіру пункттері бірнеше елді мекенді қамтып, 22 мыңнан астам тұрғынның өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Іс-шараларға Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің басшылығы мен қызметкерлері, аудан әкімдері мен олардың орынбасарлары, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, демеушілер және ауыл тұрғындары қатысты.

Жаңа өрт сөндіру бекеттері Береке, Елтай, Исаево, Ақкөл, Көкжиек, Қазыбек бек, Көкдала және оған іргелес елді мекендерде өрт қауіпсіздігін күшейтуге бағытталған. Бөлімшелер арнайы даярлықтан өткен жеке құраммен және заманауи өрт сөндіру техникасымен жабдықталған. Бұл өрт пен өзге де төтенше жағдайларға жедел әрекет етуге мүмкіндік береді.

Өрт сөндіру бекеттерінің ғимараттары тәулік бойы қызмет атқаруға толық бейімделген. Онда өрт техникасына арналған бокс, диспетчерлік бөлме, қызметтік және тұрмыстық үй-жайлар, демалыс бөлмесі, асхана және санитарлық тораптар қарастырылған.

Мамандардың айтуынша, аталған өрт сөндіру пункттерінің ашылуы Алматы облысындағы қауіпсіздік инфрақұрылымын едәуір нығайтып, шалғай ауыл тұрғындарының қорғалу деңгейін арттыруға ықпал етеді. Сонымен қатар бұл бастама азаматтық қорғау жүйесін дамытуға және өңір халқының өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған.

Тегтер: Алматы облысықазақстан

Соңғы жаңалықтар

Screenshot

Алматы облысында «Мөлдір бұлақ» акциясы өтті: Киелі-Бұлақ тазартылды

Мөлдір Иманмади
23.03.2026

Іле ауданында Наурыз жаңа форматта аталып өтті

Мөлдір Иманмади
22.03.2026

Марат Сұлтанғазиев Талғар төріндегі Наурыз тойына қатысты

Қорлан Нұрланқызы
22.03.2026

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев тұрғындарды Наурыз мерекесімен құттықтады

Қорлан Нұрланқызы
21.03.2026

Қуанса, бала қуансын: Марат Сұлтанғазиев балалармен бірге Наурызды қарсы алды

Қорлан Нұрланқызы
21.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz