Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Орташа зейнетақы 142 мың теңгеден асты — министрлік дерегі

Жыл басынан бері республикалық бюджеттен зейнетақы төлемдеріне 3 трлн 868 млрд теңге бөлінді. Бұл туралы 2025 жылғы 24 желтоқсанда ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
24.12.2025
Жаңалықтар

Министрлік мәліметінше, 2025 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша еліміздегі зейнеткерлер саны 2 млн 524 мың адамды құрайды. Осы кезеңде жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 142 669 теңгеге жеткен. Оның ішінде ынтымақты зейнетақының орташа көлемі – 95 096 теңге, базалық зейнетақы – 47 573 теңге.

Еске салайық, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап базалық зейнетақы инфляцияның болжамды деңгейіне сәйкес 6,5 пайызға, ал ынтымақты зейнетақы инфляция деңгейінен 2 пайызға оза отырып, 8,5 пайызға арттырылды.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 2023 жылдан бастап бес жыл ішінде базалық зейнетақының ең төмен мөлшерін ең төмен күнкөріс деңгейінің 70 пайызына дейін, ал ең жоғары мөлшерін 120 пайызына дейін кезең-кезеңімен арттыру көзделген.

Министрліктің хабарлауынша, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап базалық зейнетақының ең төмен мөлшері ең төмен күнкөріс деңгейінің 65 пайызынан 70 пайызына дейін ұлғайтылып, 32 360 теңгені құрады. Ал ең жоғары мөлшері ең төмен күнкөріс деңгейінің 105 пайызынан 110 пайызына дейін өсіп, 50 851 теңгеге жетті.

Ведомство 2018 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі зейнетақы жүйесіндегі еңбек өтілі ескеріле отырып, әр азаматқа жеке тағайындалатынын еске салды. Бұл ретте 1998 жылғы 1 қаңтарға дейінгі ынтымақты жүйедегі еңбек өтілі мен міндетті зейнетақы жарналары төленген кезеңдер есепке алынады.

Егер азаматтың зейнетақы жүйесіндегі еңбек өтілі 10 жыл немесе одан аз болса, базалық зейнетақы ең төмен күнкөріс деңгейінің 70 пайызына тең болады. Ал 10 жылдан асқан әр жыл үшін төлем мөлшері 2 пайызға артады. Мәселен, еңбек өтілі 20 жыл болған жағдайда базалық зейнетақы күнкөріс деңгейінің 90 пайызына тең. Ал 30 жыл және одан көп еңбек өтілі бар азаматтарға базалық зейнетақы ең төмен күнкөріс деңгейінің 110 пайызы мөлшерінде тағайындалады.

Ал жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің мөлшері 1998 жылғы 1 қаңтарға дейінгі еңбек өтіліне (кемінде алты ай болуы тиіс) және зейнеткерлікке дейінгі кезеңдегі орташа айлық табысқа байланысты есептеледі.

Тегтер: қазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында Наурыз туралы даулы видео түсірген блогер ұсталды

Қорлан Нұрланқызы
28.03.2026

Қатерлі ісік статистикасы: 2025 жылы 13 886 адам қайтыс болды

Қорлан Нұрланқызы
28.03.2026

Camels in Giza Pyramid Complex, Cairo City, Egypt

СІМ Мысырды “қауіпсіз” елдер тізіміне қосты

Қорлан Нұрланқызы
28.03.2026

Қазақстанда жүздеген ауылды су басу қаупі бар – ТЖМ

Қорлан Нұрланқызы
27.03.2026

Алматы облысында колонияға 10 телефон жеткізу әрекеті тоқтатылды

Қорлан Нұрланқызы
27.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz