Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алматы облысында 80 мың тұрғынның қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жаңа өрт сөндіру пункті ашылды

Алматы облысы Талғар ауданына қарасты Тұздыбастау ауылында 120-шы ерікті өрт сөндіру пункті пайдалануға берілді. Салтанатты ашылу рәсіміне Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі, генерал-лейтенант Шыңғыс Әрінов қатысты, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
22.12.2025
Жаңалықтар

Жаңа нысан ауылдық жерлерде азаматтық қорғау жүйесін дамытуға бағытталған «Ауыл құтқарушылары» ведомстволық бағдарламасы аясында іске қосылды. Бұл бастама елді мекендердегі өрт және төтенше жағдайлар кезіндегі қауіпсіздікті арттыруды көздейді.

Ашылу салтанатында сөз сөйлеген ТЖМ басшысы ерікті өрт сөндіру пункттері желісін дамыту министрлік жұмысының басым бағыттарының бірі екенін атап өтті. Оның айтуынша, мұндай бөлімшелер шалғай және қарқынды дамып келе жатқан ауылдарда құтқару қызметінің оқиға орнына жету уақытын едәуір қысқартады.

Жаңа өрт сөндіру пункті Тұздыбастау ауылымен қатар, Гүлдала, Бесағаш, Белбұлақ, Панфилов және Тұзұсай елді мекендерінің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Аталған аумақта 80 мыңнан астам тұрғын тұрады. Нысан демеушілердің қаражаты есебінен салынған.

Өрт сөндіру пункті арнайы дайындықтан өткен жеке құраммен жасақталған және екі бірлік өрт сөндіру техникасымен жабдықталған. Бұл өрттер мен өзге де төтенше жағдайларға жедел әрекет етуге мүмкіндік береді.

Іс-шара барысында жобаны іске асыруға атсалысқан жергілікті атқарушы органдардың өкілдері мен демеушілер Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің ведомстволық наградаларымен марапатталды.

Тегтер: Алматы облысықазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында заңсыз қоқыс полигонындағы өрт оқшауланды

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Алматы облысында 1,5 миллион тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімі жиналды

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында жүлде алған Алматы облысының спортшылары марапатталды

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Алматы облысында туристік нысандарға апаратын 95 шақырым жол жөнделіп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Меншікті қорғау құқығы – азаматтардың заңды мүдделерінің кепілі

Акжаркын
16.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz