Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Қонаевта қатты жел салдарынан жергілікті деңгейде төтенше жағдай жариялануы мүмкін

Алматы облысының Қонаев қаласында қатты желдің салдарын жою үшін жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы қала әкімі аппаратының шешім жобасы әзірленді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
17.12.2025
Аймақ, Алматы облысы

Құжатта қатты жел салдарынан қала аумағындағы бірқатар көпқабатты тұрғын үйлердің шатырлары зақымдалып, ұшып кеткені көрсетілген. Осыған байланысты Қонаев қаласында жергілікті деңгейде табиғи сипаттағы төтенше жағдай режимін енгізу ұсынылып отыр.

Төтенше жағдай режимі енгізілген жағдайда қала билігіне келесі жұмыстарды жедел жүргізуге мүмкіндік туады:

  • тұрғын үйлер мен ғимараттардың шатырларын қалпына келтіру;

  • істен шыққан көше жарығы тіректерін ауыстыру;

  • темірбетон тіректер мен электр желілерін жөндеу.

Аталған шешім жобасы 16 желтоқсанға дейін «Ашық нормативтік құқықтық актілер» интернет-порталында қоғамдық талқылауға шығарылған.

Бұған дейін, 11-інен 12 желтоқсанға қараған түні Қонаев қаласында желдің жылдамдығы секундына 23–25 метрге дейін жеткені хабарланған. Қолайсыз ауа райының салдарынан қалада 30-дан астам төтенше жағдай тіркелген. Қатты жел электр қуатының өшуіне, шатырлардың ұшып кетуіне, ағаштардың құлауына және инженерлік желілердің зақымдалуына себеп болған. Сондай-ақ жылумен қамту жүйесінде іркілістер байқалып, жеке тұрғын үйлердің бірінде өрт шыққан. Бұдан бөлек, саяжай алқаптарында да бірқатар апаттық жағдайлар орын алған.

Тегтер: Алматы облысықазақстанҚонаев қаласы

Соңғы жаңалықтар

Алматыда ЖИ дәуіріндегі ғылымның дамуына арналған халықаралық конференция өтті

Мөлдір Иманмади
17.04.2026

Алматы облысында бес көлік соқтығысты

Қорлан Нұрланқызы
17.04.2026

Қонаев жастары Іле жағасынан 9 тоннадан астам қоқыс жинады

Қорлан Нұрланқызы
17.04.2026

Алматы облысында 500 млн теңге алимент өндірілді: 13 борышкерге қылмыстық іс қозғалды

Қорлан Нұрланқызы
17.04.2026

Алматы облысында алаяқтарға алдана жаздаған әйелді полиция құтқарып қалды

Қорлан Нұрланқызы
17.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz