Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қазақстанда жолдағы камералар «қысқы» режимге ауысты

Қазақстандағы автожолдарда орнатылған бейнебақылау камералары қысқы маусымға байланысты арнайы режимге ауыстырылады. Енді боран, көктайғақ сияқты қолайсыз ауа райы кезінде камералар автоматты түрде сол сәтте енгізілген жылдамдық шектеулерін тіркейтін болады, деп хабарлайды alataunews.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Қорлан Нұрланқызы
11.12.2025
Жаңалықтар

ІІМ мәліметінше, қыс мезгілінде жол жағдайы күрделене түсетіндіктен, кейбір учаскелерде қауіпсіздік мақсатында уақытша шектеулер енгізіледі, ал қажет болған жағдайда жолдар толық жабылуы мүмкін.

ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің аға инспекторы Ақтоты Боранованың айтуынша, қысқы кезеңде автожолдарға 3.24 «Максималды жылдамдық шектеуі» белгісі орнатылған.

«Астана – Щучинск және Астана – Теміртау бағыттарында электронды таблолар қойылды. Олар ауа райы нашарлаған кезде ғана жылдамдықты төмендету туралы ақпарат береді: боранда, көктайғақта және басқа да қолайсыз жағдайларда. Бұл белгілер стандарттарға толық сәйкес келеді және басқа жол белгілері сияқты міндетті түрде сақталуы тиіс», — деді Боранова.

Сонымен қатар, камералар енді тек белгіленген жылдамдықты ғана емес, орташа қозғалыс жылдамдығын да автоматты түрде тіркейді.

ІІМ жүргізушілерді қыс мезгілінде жолда барынша сақ болуға шақырды.

Тегтер: камерақазақстан

Соңғы жаңалықтар

Еңбекшіқазақ ауданында 21 млрд теңгеге заманауи астық кешені салынып жатыр

Қорлан Нұрланқызы
15.09.2026

Көшпенділер ойындарында топ жарған қонаевтық спортшыға 1 млн теңге берілді

Қорлан Нұрланқызы
15.09.2026

Қонаевта тұрғындар үй маңындағы бес метр аумақтың тазалығына жауапты

Қорлан Нұрланқызы
15.09.2026

Жол ережесі – өмір ережесі

Акжаркын
15.09.2026

Алкогольге тәуелділіктің алдын алу – ортақ міндет

Акжаркын
15.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz