Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Цифрлық қауіпсіздік күшейді: мемлекеттік жүйелер 1414 SMS-шлюзінен ажыратылды

Қазақстанда мемлекеттік ақпараттық жүйелерде 1414 қысқа нөмірі арқылы жіберілетін SMS-кодтарды қолдану тоқтатылады, деп хабарлайды alataunews.kz Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігіне сілтеме жасап.

Қорлан Нұрланқызы
11.12.2025
Жаңалықтар

Шешім Бас прокуратурамен бірлесіп азаматтардың деректерін қорғау және қауіпсіздікті күшейту мақсатында қабылданған.

Министрліктің мәліметінше, бұрын бірқатар мемлекеттік сервистерге бір реттік SMS-код арқылы кіруге рұқсат берілген. Алайда 1414-тен келетін хабарламалар арқылы жеке деректерді ұрлау тәуекелі жоғары екені анықталған. Сондықтан ақпараттық жүйе иелеріне қолжетімділік талаптарын қатаңдатып, SMS-кодтарды мүлде қолданбау жөнінде тапсырма берілді.

Енді 1414 SMS-шлюзін пайдаланып келген барлық жүйелерге кіру тек қауіпсіз тәсілдер арқылы жүргізіледі. Ол үшін үш механизм қолданылады:

  • биометриялық аутентификация;

  • электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ);

  • eGov QR-коды.

2024 жылғы желтоқсаннан бастап көрсетілген міндетті талаптарды орындамаған ақпараттық жүйелер 1414 SMS-шлюзінен ажыратылды.

Министрлік бұған дейін де 1414-тен келетін кодтардың несие рәсімдеуге қатысы жоқ екенін ескерткен болатын. Бұл — алаяқтардың психологиялық айласы. Олар SMS-код арқылы азаматтың сеніміне кіріп, жеке деректерін тартып алады. Нәтижесінде ұрланған ақпарат микрокредит рәсімдеуге пайдаланылуы мүмкін.

Ведомство азаматтарды сақ болуға және күдікті хабарламаларға жауап бермеуге шақырады.

Тегтер: қазақстан

Соңғы жаңалықтар

Предприниматели Алматинской области креативно подошли к агитации по предстоящему референдуму

Николай Иващенко
02.03.2026

Как найти свой избирательный участок в Алматинской области на референдум

Николай Иващенко
02.03.2026

Токаев и Вучич говорили о совместных проектах на расширенных переговорах в Астане

Николай Иващенко
27.02.2026

Новый медпункт построили в Алматинской области за счет возвращенных активов

Николай Иващенко
27.02.2026

Что делать, если поезд уехал, а пассажир опоздал на посадку

Николай Иващенко
27.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz