Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

«Байтақ» партиясы Сүлейменовті Нобельге ұсынды

Алматыда «Байтақ» жасылдар партиясы маңызды мәлімдеме жасады. Партия төрағасы Азаматхан Әміртаев ақын, қоғам қайраткері және «Невада–Семей» қозғалысының негізін қалаушылардың бірі Олжас Сүлейменовтің кандидатурасын Нобельдің Бейбітшілік сыйлығына ресми түрде ұсынатынын мәлімдеді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
04.12.2025
Жаңалықтар

Әміртаевтың айтуынша, Сүлейменовтің әлемдік антиядролық қозғалыстағы рөлі ерекше.

«Семей ядролық полигонын жабуға бастамашы болып, бұл іске шешуші үлес қосқан тұлғаның бірі – Олжас Сүлейменов. Оның бастамасымен құрылған халықаралық қозғалыстың арқасында әлемнің бірнеше еліндегі төрт ірі ядролық сынақ алаңы, соның ішінде АҚШ-тағы Невада полигоны да жабылды. Қазіргі геосаяси тұрақсыздық кезеңінде оның еңбегінің маңызы бұрынғыдан да өзекті», — деді партия төрағасы.

Жиналғандар бұл бастаманы қолдап, Сүлейменовтің еңбегін халықаралық деңгейде мойындау қажеттігін атап өтті.

Мәлімдеме барысында Азаматхан Әміртаев Алматы қаласының экологиялық ахуалына да тоқталды. Оның айтуынша, ағаш отырғызу жұмыстары жалғасқанымен, қаладағы ауа сапасы әлі де күрделі жағдайда қалып отыр.

«Қазіргі таңда ауа тазартатын жаңа технологиялар бар. Біз соларды енгізу арқылы Алматының ауасын жақсартуға күш салып жатырмыз. Бір құрылғының бағасы — 100 мың доллар. Ал қаланың ауасын 60-70 пайыз деңгейде тазарту үшін 1500-ге жуық аппарат қажет. Бұл шамамен 150 млн доллар. Дегенмен, бұл өзін-өзі ақтайтын жоба», — деді Әміртаев.

Партияның Алматы қалалық филиалының жаңа төрайымы Алма Қараш қазірдің өзінде жобаға қаржы тарту бағытында жұмыс басталғанын атап өтті. Мұндай ауаны тазарту технологиялары Үндістан мен Қытайдың ірі қалаларында қолданылып келеді.

«Көлік ағынын тоқтата алмаймыз. Ауаның 80 пайызы көлік түтінінен ластанғанымен, халыққа көлікпен жүрмеңдер деп тыйым сала алмаймыз. Сондықтан технологиялық шешімге жүгіну керек. Ауаның ластануы адамның қанына әсер етіп, жүрек-қан тамыр ауруларының көбеюіне әкеледі», — деді партия басшысы.

«Байтақ» партиясының Алматы филиалына жаңадан сайланған төрайым Алма Қараш қала экологиясын жақсартуға арналған жоспарымен бөлісті.

«Алматының қазіргі экологиялық ахуалы өте күрделі. Біз әлемдегі ауасы ең лас қалалардың қатарындамыз. Сондықтан нақты шешімдер ұсынып отырмыз. Көптеген экологтар мен ғалымдарды осы мәселеге жұмылдырып жатырмыз», — деді ол.

Қараш Делиде көрген ауа тазартатын мұнара үлгісін Алматыға бейімдеуді көздеп отырғанын айтты.

«Делиде колледж аумағында тұрған ауа тазартқыш мұнара менің назарымды аударды. Ол ауаны сорып, тазалап қайта шығарады. Осы технологияны Алматыға енгізу мүмкіндігін қарастырып жатырмыз», — деді ол.

Жиында экологиялық бастамалардың бірі – «Ұлы даланың – жасыл елшісі» жобасының қорытындысы да жарияланды. Велошабандоз Сапар Аманжолұлы бірнеше ай бойы Қазақстанды аралап, 12 000 шақырым қашықтықты еңсерген.

Тегтер: қазақстан

Соңғы жаңалықтар

Атыраудағы атышулы іс: күдікті өмір бойына сотталуы мүмкін

Қорлан Нұрланқызы
30.03.2026

Биыл 18–27 жас аралығындағы 43 мыңнан астам ер азамат әскерге шақырылады

Қорлан Нұрланқызы
30.03.2026

Шеңгелдідегі пияз өндірісі: жағдай бақылауда, фермерлерге жан-жақты қолдау көрсетілуде

Мөлдір Иманмади
29.03.2026

Экологиялық акция: Алматы облысындағы 55 ғимарат жарығын өшіреді

Қорлан Нұрланқызы
28.03.2026

Таза Қазақстан: Қонаевта 3000 ағаш егілді

Қорлан Нұрланқызы
28.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz