Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Журналист Гүлнәр Бажкеноваға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Алматыда 1 желтоқсан күні ORDA редакциясында және бас редактор Гүлнар Бажкенованың пәтерінде тінту жүргізіле бастағаны белгілі болды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
01.12.2025
Жаңалықтар

Полиция департаментінің мәліметінше, Гүлнар Бажкеноваға бірнеше рет жалған ақпарат таратты деген айыппен қылмыстық істер қозғалған. Алдын ала деректерге сәйкес, 2024 жылғы бір материалда құқық қорғау органы қызметкері пара алып жатқан жерінен ұсталды деген ақпарат жарияланған. Алайда департамент мұндай факт болмағанын айтады.

Тағы бір жарияланымда мүліктік дауға қатысты залал көлемі мен себептері туралы бұрмаланған деректер берілгені айтылды. Полиция мұндай ақпарат қоғамды адастырып, өтініш берушінің іскерлік беделіне елеулі нұқсан келтіргенін айтады.

«Бұған дейінгі жарияланымдар бойынша жәбірленушілердің өзге де шағымдары негізінде тергеу жалғасып жатыр. Ол материалдардың ішінде де жалған немесе қоғамды жаңылыстыратын ақпарат болуы мүмкін. Азаматша Б-ның тұрғылықты жерінде және жұмыс орнында тергеу әрекеттері жүргізілуде. Жарияланған жалған мәліметтердің қалай дайындалғанын, қайда орналастырылғанын және олардың қайдан алынғанын анықтау үшін электрондық құрылғылар мен материалдар тәркіленіп жатыр», – делінген ведомствоның хабарламасында.

Тегтер: алматыБасты жаңалықтарқылмыс

Соңғы жаңалықтар

Alatau City-де KAIST филиалын ашу жобасының техникалық-экономикалық негіздемесі таныстырылды

Қорлан Нұрланқызы
01.08.2026

Алматы облысында инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды

Қорлан Нұрланқызы
01.08.2026

Қонаевта дәрігерлер асқазан қатерлі ісігінің асқынған түріне күрделі ота жасады

Қорлан Нұрланқызы
31.07.2026

Қазақстандық оқушылардың 2026–2027 оқу жылындағы каникул кестесі бекітілді

Қорлан Нұрланқызы
31.07.2026

Іле ауданында егін жинау науқаны қарқын алды: алғашқы өнім жиналып жатыр

Қорлан Нұрланқызы
31.07.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz