Операцияға медицина ғылымдарының докторы, Семіздік пен қант диабеті хирургиясы орталығының жетекшісі, профессор Орал Базарбайұлы Оспанов қатысты.
Сонымен қатар отаны Іле аудандық ауруханасының хирургия бөлімінің меңгерушісі Аңсат Нұрмолдаұлы Таубалдиев және хирург Әділхан Бақбергенұлы Карипбаев бірлесіп жүргізді.
Бариатриялық-метаболикалық ота деген не?
Бұл — семіздік пен онымен байланысты ауруларды, соның ішінде 2 типті қант диабетін емдеуге арналған хирургиялық әдістердің жиынтығы.
Операцияның негізгі мақсаты:
салмақты ұзақ мерзімге тұрақты төмендету,
зат алмасуды қалыпқа келтіру,
семіздікпен байланысты тәуекелдерді азайту.
Профессор Орал Базарбайұлы Іле аудандық ауруханасының дайындығы жоғары екенін атап өтті.
«Мұндай оталардың аудандық ауруханаларда жасалуы — халыққа жоғары технологиялық медициналық көмектің қолжетімділігін арттырудағы маңызды қадам. Бұл тұрғындардың өз аймағында тиімді әрі заманауи ем алуына мүмкіндік береді. Іле аудандық ауруханасының кәсіби деңгейі мен хирургияны дамытуға деген талпынысын ерекше атап өткім келеді», – деді ол.
Айта кетейік, бариатриялық-метаболикалық хирургия қызметі МӘМС жүйесі аясында толықтай тегін көрсетілді. Бұл пациентке жоғары білікті медициналық көмекті ешқандай қосымша шығынсыз алуға мүмкіндік берді.





