Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында 20 жаңа ауылдық денсаулық сақтау нысаны пайдалануға берілді

Алматы облысында алғашқы медициналық көмек жүйесін жаңғыртуға бағытталған ұлттық жоба аясында 20 жаңа медициналық нысан іске қосылды, деп хабарлайды Alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
17.11.2025
Аймақ, Алматы облысы

Жаңа нысандар — фельдшерлік-акушерлік пункттер, медициналық пункттер және ауылдық амбулаториялар. Олар бұған дейін медициналық қызмет жетіспеген ауылдық елді мекендерде ашылды.

Облыстық әкімдіктің мәліметінше, тағы үш нысанда құрылыс-монтаж жұмыстары толық аяқталып, қазір соңғы келісім беру процедуралары жүргізіліп жатыр.

Жоба жалпы 38 медициналық нысанды қамтиды. Соның ішінде алғашқы 20 объекті қолданысқа берілсе, қалған 15 нысанды жыл соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр.

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Қанат Есболатов ауыл тұрғындарын алғашқы медициналық көмекпен қамту басты міндеттердің бірі екенін атап өтті.

«Әрбір ауыл тұрғыны сапалы медициналық көмекті өз үйінің жанынан алуы керек. Сондықтан биыл барлық жоспарланған медициналық нысандарды толық аяқтап, халыққа қолжетімді қызмет көрсетуді қамтамасыз етеміз», – деді ол.

Жобаның жүзеге асырылуы өңірдегі денсаулық сақтау инфрақұрылымын жаңғыртып, ауыл тұрғындарының медициналық қызметке қолжетімділігін айтарлықтай арттырмақ.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарқазақстан

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда қылмыстық және әкімшілік амнистия кімдерге қолданылады?

Қорлан Нұрланқызы
19.06.2026

Тоқаев Пәкістан премьер-министріне хат жолдады

Қорлан Нұрланқызы
19.06.2026

Алматы облысында тағы бір ауыл алкоголь өнімдерін сатудан бас тартты

Қорлан Нұрланқызы
19.06.2026

Алматы облысында IT мен дрондарды басқаруды үйрететін жаңа әскери жоба іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
19.06.2026

Қазгидромет: шілдеде ыстық 50 градусқа дейін жетуі мүмкін

Қорлан Нұрланқызы
19.06.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz