Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында жол апатынан мотоцикл жүргізушісі қаза тапты

Алматы облысында мотоцикл, мопед және жүк көлігі қатысқан жол-көлік оқиғасы салдарынан 44 жастағы мотоцикл жүргізушісі көз жұмды, деп хабарлайды Alataunews облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Қорлан Нұрланқызы
14.11.2025
Аймақ, Алматы облысы

Оқиға «Алматы–Бішкек» автожолының 19-шы шақырымында болған. Полицияның мәліметінше, жол апатына қатысты қылмыстық іс тіркелді.

«Алдын ала дерек бойынша, 44 жастағы мотоцикл жүргізушісі қарсы жолаққа шығып, мопедпен соқтығысқан. Кейін инерциямен қозғалып, FAТ маркалы жүк көлігіне ұрынған», – деп хабарлады ведомство.

Апат салдарынан мотоцикл жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты. Оның жолаушысы және мопед жүргізушісі түрлі дене жарақаттарымен медициналық мекемеге жеткізілді.

Полиция департаментінің мәліметінше, тергеу амалдары басталды. Құқық қорғау органдары оқиғаның толық мән-жайын анықтап жатыр.

Тегтер: Алматы облысы

Соңғы жаңалықтар

Мемлекеттік қызметтегі заң бұзушылықтар: азаматтардың құқығы қалай қорғалды?

Қорлан Нұрланқызы
22.09.2026

Динара Әлібекқызы: Әрбір азаматтың құқығы заңмен қорғалуға тиіс

Қорлан Нұрланқызы
22.09.2026

Меншікті қорғау құқығы – азаматтардың заңды мүдделерінің кепілі

Акжаркын
22.09.2026

Таза Қазақстан – болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік

Акжаркын
22.09.2026

Жаңа дәуірдің басты құжаты – Конституция

Акжаркын
22.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz