Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысы құс еті өндірісі бойынша елде бірінші орында тұр

Алматы облысы 2025 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша мал шаруашылығы өнімдерін өндіруде тұрақты өсім көрсетіп отыр. Өңір құс еті өндірісі бойынша республикада бірінші, сиыр еті мен жұмыртқа бойынша екінші, ал сүт өндірісінде үшінші орынға ие болды, деп хабарлайды Alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
13.11.2025
Аймақ, Алматы облысы

Облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, шаруашылықтарда сойылған және тірідей салмақта өткізілген мал мен құстың жалпы еті 218 мың тоннаны құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,1%-ға жоғары. Республикалық жалпы көлемдегі облыстың үлесі 14%, бұл Алматы облысын ел бойынша бірінші орынға шығарып отыр.

Өндіріс құрылымы төмендегідей:

• Құс еті – 113 мың тонна (республикалық көлемнің шамамен 30%-ы). Бұл көрсеткіш облысты республикада 1-орынға шығарды.

• Сиыр еті – 67 мың тонна, нәтижесінде облыс ел бойынша 2-орында.

• Сиыр сүті – 265 мың тонна, өсім 5,2%. Осы көрсеткіш Алматы облысын сүт өндіру бойынша ТОП-3 өңірдің қатарына енгізді.

• Тауық жұмыртқасы – 412 млн дана, бұл да өңірдің Қазақстандағы алдыңғы үштікте екенін көрсетеді.

Мал шаруашылығы бөлімінің бас маманы Олжас Молдатаев ауыл шаруашылығы саласындағы ілгерілеу мемлекет қолдауы мен еңбеккерлердің еңбегімен байланысты екенін атап өтті.

«Алматы облысында мал шаруашылығын қолдау мен дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. Соның нәтижесінде ет, сүт және жұмыртқа өндіру көлемі жыл сайын артып келеді. Бұл – ауыл еңбеккерлерінің тынымсыз еңбегі мен мемлекеттік қолдаудың жемісі. Алдағы уақытта өндіріс көлемін ұлғайту, заманауи технологияларды енгізу және өнім сапасын арттыру бойынша жұмыстар жалғасады», – деді ол.

Сарапшылардың айтуынша, оң динамика өңір мал шаруашылығының тұрақты дамып келе жатқанын және Алматы облысының елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі маңызды рөлін айқындайды.

Тегтер: Алматы облысы

Соңғы жаңалықтар

Үлкен Алматы айналмалы автожолында орташа жылдамдықты бақылау жүйесі іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Щучинскіде кафеде жарылыс болды: 7 адам қаза тапты

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

«Көктем-2026»: Алматы облысында су тасқынына дайындық тексерілді

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Алматы облысында ата-аналар мен асхана қызметкерлеріне маңызды кеңес берілді

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

Сталкинг ісі: Алматы облысында актрисаның күйеуі қамауға алынды

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz