Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Еңбекшіқазақ ауданында жыл соңына дейін екі жаңа мектеп пайдалануға беріледі

Еңбекшіқазақ ауданында «Келешек мектебі» мемлекеттік бағдарламасы аясында биылғы жылдың соңына дейін екі жаңа білім нысаны ашылады, деп хабарлайды Alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
13.11.2025
Аймақ, Алматы облысы

Аудан әкімдігінің мәліметінше, Сатай ауылында 900 орындық, ал Ащысай ауылында 600 орындық жаңа мектептердің құрылысы аяқталуға таяу. Қазір нысандарда ішкі әрлеу жұмыстары мен аумақты абаттандыру жүргізіліп жатыр. Негізгі құрылыс кезеңдерінің бәрі толық орындалған.

Жобаның жоспарлауына сәйкес, екі мектеп те жыл соңына дейін пайдалануға беріледі. Осылайша, үшінші тоқсаннан бастап оқушылар заманауи, кең, қолайлы әрі жаңа оқу құралдарымен қамтамасыз етілген ортада білім алуға мүмкіндік алады деп күтілуде.

Биылдың өзінде «Келешек мектебі» бағдарламасы аясында Еңбекшіқазақ ауданында екі мектеп салынған болатын. Бұл ауданның білім беру инфрақұрылымын айтарлықтай жақсартып, үш ауысымда оқитын оқушылар санын азайтуға ықпал етті.

Аудан басшылығының айтуынша, жаңа нысандардың ашылуы өңірдің демографиялық өсімі мен білім беру сапасын арттыруға бағытталған кешенді шаралардың бір бөлігі болып табылады.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарқазақстан

Соңғы жаңалықтар

Қонаевта 250-ден астам сарапшы білім беруде жасанды интеллектіні қолдану мәселесін талқылады

Қорлан Нұрланқызы
20.11.2026

Интернеттегі алаяқтықтан сақ болайық

Акжаркын
20.11.2026

Нашақорлыққа жол жоқ: болашақ өз қолымызда

Акжаркын
20.11.2026

Алматы облысында үйдің шатыры өртеніп, бір бөлігі опырылды

Қорлан Нұрланқызы
20.11.2026

Өзбекстанда қазақ жазушысы Рахметолла Райымқұловтың ескерткіші ашылды

Қорлан Нұрланқызы
20.11.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz