Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысының өкілдері Nata Holding компаниясымен жаңа қала салу мәселесін талқылады

Түркияға жұмыс сапары барысында Алматы облысы әкімінің кеңесшісі Самат Ахилбеков Nata Holding компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы және негізін қалаушысы Намық Таникпен кездесті, деп хабарлайды Alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
13.11.2025
Аймақ, Алматы облысы

Кездесу аясында тараптар жаңа қала салу, өңірдің инфрақұрылымын дамыту, құрылыс және девелопмент саласындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктерін талқылады.

Nata Holding жетекшісі өз тарапынан Қазақстанмен, әсіресе Алматы облысымен жұмыс істеуге қызығушылық білдірді.

«Қазақстан – зор әлеуеті бар ел, ал Алматы облысы ерекше маңызға ие аймақ. Біз өңірге келіп, заманауи қала құрылысына үлес қосуға дайынбыз», — деді Намық Таник.

Алматы облысының делегациясы түрік компаниясына құрылыс, туризм, логистика салаларындағы перспективалы жобаларды таныстырды. Сондай-ақ мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетіктері түсіндіріліп, инвесторларға ұсынылатын жеңілдіктер баяндалды.

Nata Holding туралы

Nata Holding — Түркияның ең ірі девелоперлік құрылыс компанияларының бірі. VEGA брендімен жүзеге асырылған Vega AVM İstanbul (190 мың шаршы метр) сияқты ірі коммерциялық нысандармен танымал.

Компаниямен ықтимал серіктестік Алматы облысында халықаралық стандарттарға сай жаңа инфрақұрылым қалыптастыруға, өңірге шетелдік инвестиция тартуға және құрылыс саласындағы заманауи технологияларды енгізуге мүмкіндік береді.

Тегтер: Алматы облысықазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында дрондар 376 жол ережесін бұзуды анықтады

Қорлан Нұрланқызы
18.04.2026

Алматы облысында 25 отбасы баспаналы болды

Қорлан Нұрланқызы
18.04.2026

Алматы облысында ерекше балаларға арналған тұсаукесер өтті

Қорлан Нұрланқызы
18.04.2026

Алматыда ЖИ дәуіріндегі ғылымның дамуына арналған халықаралық конференция өтті

Мөлдір Иманмади
17.04.2026

Алматы облысында бес көлік соқтығысты

Қорлан Нұрланқызы
17.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz