Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Марат Сұлтанғазиев Еңбекшіқазақ ауданында инвестициялық және инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асырылуымен танысты

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевтің Еңбекшіқазақ ауданына жасаған жұмыс сапары барысында әлеуметтік, инфрақұрылымдық және инвестициялық жобалардың барысымен танысты, деп хабарлайды https://www.alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
11.11.2025
Аймақ, Алматы облысы

Өңір басшысы облыстық басқарма басшыларымен және аудан әкімдігімен бірге ауыл тұрғындарының тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған маңызды нысандарды аралады.

Сапар барысында әкім ең алдымен Балтабай ауылындағы Baltabai Den кәсіпорнына барды. Кәсіпорын жүгері тұқымын консервілеу және кептірумен айналысады. Мұнда 30-ға жуық жергілікті тұрғын жұмыс істейді. Кәсіпорында төрт астық кептіргіш құрылғы бар, ал қабылданған жүгері тұқымының көлемі 20 мың тоннаға жеткен.

Шелек ауылында ұзындығы 124 шақырым болатын су құбыры жүйесінің құрылысы аяқталуға жақын. Жоба құны – 5,1 млрд теңге, нәтижесінде шамамен 8 мың абонент орталықтандырылған ауыз сумен қамтылады. Сонымен қатар, ұзындығы 21 шақырым кәріз жүйесін қайта жаңарту да аяқталуға таяу.

Биологиялық тазарту станциясының 95 пайыз жабдығы орнатылған, ал ағын суларды жинайтын қойма пайдалануға берілген. Бұған қоса, 144 шақырымдық электр желілерін жаңарту бойынша жобалық құжат дайындалып, 1,7 млрд теңгеге қаржыландыруға өтінім берілді. Сондай-ақ 1,3 млрд теңгеге сегіз блок-модульді қазандық салу жобасы әзірленген.

QazEcoDan компаниясының басшысы Қазбек Қайралапин дәнді және майлы дақылдарды қабылдау, кептіру, сақтау және құрама жем өндіру бойынша заманауи кешеннің құрылысын таныстырды. Инвестиция көлемі — 10 млрд теңге.

«Біздің басты мақсатымыз – өңдеу кәсіпорындарының қуатын арттырып, өңірдегі диқандарға өнімдерін сапалы сақтау және өткізуге жағдай жасау. Бұл жаңа жұмыс орындарын ашып, ауыл шаруашылығындағы табысты арттырады», – деді Қайралапин.

Тағы бір ірі жоба — Qazaq Global Food JV компаниясы салып жатқан жеміс-жидек пен көкөніс өңдеу зауыты. Жоба құны — 9 млрд теңгеден астам. Зауыт жылына 6,2 мың тонна концентрат пен 6,7 мың тонна пюре өндіретін болады.

Кәсіпорын шикізат базасына жақын Еңбекшіқазақ ауданында орналасқан. Өнім экспорты бойынша серіктес — түрік компаниясы Goknur Gida. Жобаға Қазақстанның Даму Банкі несие желісін ашты. Зауыт іске қосылғаннан кейін 100-ден астам адам тұрақты жұмыспен қамтылады.

Ауданда жеке кәсіпкер Тұржан Дәулетхан Мәжітұлы жүзеге асырып жатқан 612 бас сиырға арналған сүт фермасының құрылысы да қарқынды жүріп жатыр. Қазір жоба 85 пайызға орындалған. Жабдықтарды жеткізу аяқталуға жақын, ал сауу залы мен тыңайтқыш шығару жүйелерін орнату жұмыстары алдағы уақытта басталады. Ферма 2026 жылдың көктемінде іске қосылады деп жоспарланған.

Барлық жоба бастамашылары облыс әкімдігі тарапынан көрсетілген қолдауға алғыс білдірді.

«Алматы облысы – инвестиция тарту бойынша үздік аймақтардың бірі. Инвесторлармен өзара іс-қимыл жүйесі нақты әрі тиімді жұмыс істеуі керек. Мұндай жобалар өңір экономикасына жаңа серпін береді. Әрине, жобаларды жүзеге асыру барысында түрлі қиындықтар кездеседі. Біз оларды шешуге барынша көмектесеміз. Инвестициялық климаттың жақсаруы ауыл шаруашылығына, өндіріс пен экспортқа оң әсер етеді», – деді Марат Сұлтанғазиев.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарқазақстан

Соңғы жаңалықтар

Үлкен Алматы айналмалы автожолында орташа жылдамдықты бақылау жүйесі іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Щучинскіде кафеде жарылыс болды: 7 адам қаза тапты

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

«Көктем-2026»: Алматы облысында су тасқынына дайындық тексерілді

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Алматы облысында ата-аналар мен асхана қызметкерлеріне маңызды кеңес берілді

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

Сталкинг ісі: Алматы облысында актрисаның күйеуі қамауға алынды

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz