Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында азық-түлік бағалары тұрақты бақылауда

Алматы облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы бақылауда. Мониторинг қорытындысы бойынша, соңғы аптада баға индексі 100 пайызды құрап, республика бойынша орташа көрсеткішпен тең болды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
10.11.2025
Аймақ, Алматы облысы

Өңірде бірқатар өнімнің бағасы төмендеген. Атап айтқанда, сәбіз – 3,2%, пияз – 1,7%, сиыр еті – 1%, ал күнбағыс майы – 0,1% арзандаған.

Сонымен қатар, картоп (+5,4%), қарақұмық (+1,5%) және сары май (+0,9%) бағасында аздап өсім тіркелді.

Бағаның тұрақтылығын сақтау үшін облыс әкімінің орынбасары Рустам Исатаевтың төрағалығымен ведомствоаралық комиссия жұмыс істейді. Оның құрамына 14 мемлекеттік орган мен ұйым кіреді, соның ішінде кәсіпкерлік басқармасы, тұтынушылар құқығын қорғау департаменті, монополияға қарсы қызмет және «Атамекен» палатасы бар.

Облыстық кәсіпкерлік басқармасының басшысы Қуаныш Бақытұлының айтуынша, өңірде баға бақылауы электронды форматта жүзеге асырылады.

«Біз күнделікті мониторинг жүргізіп, бағаның шекті деңгейден асып кетпеуін қамтамасыз етеміз. Биыл заң бұзған 27 кәсіпкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды», – деді ол.

Баға қадағалау тізіміндегі дүкендер туралы мәліметтер Мемлекеттік кірістер департаментіне жолданып, электронды шот-фактуралар арқылы тауар жеткізу тізбегі бақыланады. Бұл — негізсіз үстеме бағаны болдырмауға мүмкіндік береді.

Экономикалық тергеу департаменті нақты саудамен айналыспайтын компанияларға қатысты материалдарды қарап жатыр. Тексеру нәтижесінде 27 әкімшілік хаттама толтырылып, 98 мың теңге айыппұл салынған.

«Біздің мақсат — жазалау емес, алдын алу. Бизнес өкілдерімен бірлесіп, азық-түлік бағасының тұрақтылығын және халық үшін қолжетімділігін қамтамасыз етуге жұмыс істейміз», – деді Қуаныш Бақытұлы.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарқазақстан

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда қылмыстық және әкімшілік амнистия кімдерге қолданылады?

Қорлан Нұрланқызы
19.06.2026

Тоқаев Пәкістан премьер-министріне хат жолдады

Қорлан Нұрланқызы
19.06.2026

Алматы облысында тағы бір ауыл алкоголь өнімдерін сатудан бас тартты

Қорлан Нұрланқызы
19.06.2026

Алматы облысында IT мен дрондарды басқаруды үйрететін жаңа әскери жоба іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
19.06.2026

Қазгидромет: шілдеде ыстық 50 градусқа дейін жетуі мүмкін

Қорлан Нұрланқызы
19.06.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz