Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысының әкімі Алатау қаласының тұжырымдамасын халықаралық мамандармен талқылады

Қорлан Нұрланқызы
09.11.2025
Аймақ, Алматы облысы

Кездесуде жаңа қаланың сәулет және инфрақұрылымдық шешімдері таныстырылды. Қалалық орта үлгісі, жұмыс орындарын құру, білім беру инфрақұрылымы және болашақ инвестициялық жобалар талқыланды.

Әкімнің айтуынша, жаңа қалаға ерекше мәртебе беру туралы заң жобасы әзірленіп жатыр.

«Көпшілік бұл қаланы “жаңа Дубай”, “жаңа Сингапур” деп атайды. Бірақ бізге өзіндік болмыс қажет. Ол – жай ғана Алатау болуы тиіс. Біздің мақсат – адамдардың “сол қалада өмір сүргім келеді” деген арманы пайда болу», – деді Сұлтанғазиев.

Ол жаңа қала тек тұрғын үй салып қана қоймай, оқу, жұмыс, инновация, мәдениет үшін дамыған ортаға айналуы керек екенін айтты.

«Алматы облысының халқы жыл сайын өсіп келеді. Университеттердің болуы, климаттық жағдай, жастарға арналған мүмкіндіктер – қаланың дамуына ықпал етеді. Жұмыс орындары мен білім беру жүйесін қалыптастыру негізгі мәселе», – деді ол.

Әкімдік дерегінше, жаңа қалада заманауи инфрақұрылым, көлік желісі, әлеуметтік нысандар мен ірі инвестициялық жобалар кезең-кезеңімен іске асырылмақ.

Тегтер: Алматы облысықазақстан

Соңғы жаңалықтар

Қонаевтағы 58 жыл жөндеу көрмеген гимназия жаңартылады

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Шеңгелдіде 16 көшенің жолы жөнделіп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Райымбек ауданында алғаш рет егілген зығырды жинау басталды

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Алматы облысында картоп жинау жұмыстары қарқынды жүріп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Балқаш ауданында күріш жинау науқаны басталды

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz