Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысының шаруалары PepsiCo-ға картоп жеткізе бастады

Алматы облысының Райымбек ауданындағы «Алтын дән 1» өндірістік кооперативі америкалық PepsiCo корпорациясына картоп жеткізуді бастады. Бұл туралы облыс әкімдігі мәлімдеді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
09.11.2025
Аймақ, Алматы облысы

Биыл аудан шаруалары 2 300 гектар аумаққа картоп егіп, әр гектардан 200–250 центнерден өнім алған. Көрсеткіш интенсивті технологиялар мен заманауи суару жүйелерін қолданудың нәтижесі екені айтылды.

PepsiCo-пен әріптестік аясында кооперативке элиталық тұқымдар беріліп, жаңбырлатып суару жабдығын енгізу қолдау көрсетілген. Жобаның пилоттық бөлігі 150 гектарда іске асқан.

Облыс әкімі Марат Сұлтанғазиевтің айтуынша, корпорациямен байланыс агросалаға жаңа мүмкіндік береді.

«PepsiCo зауытының құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Келесі жылдың бірінші тоқсанында іске қосуды жоспарлап отырмыз. Картоп өсірушілермен жұмыс тек Алматы облысында емес, Павлодар мен Ақмола өңірлерінде де жүргізіліп жатыр. Ең бастысы – өнімге кепілді өткізу бар», – деді Сұлтанғазиев.

ӨК төрағасы Дулат Құлмамыров мемлекеттік қолдаудың маңызын атап өтті.

«Жаңбырлатып суару жүйесіне кеткен шығынның 80 пайызы субсидияланды. Бұл шамамен 100 миллион теңге. Біз үшін бұл үлкен қолдау», – деді ол.

Әкімдік өкілдерінің айтуынша, келесі жылы Райымбек ауданында жергілікті тұқым шаруашылығы іске қосылмақ. Жоба отандық картоп сапасын көтеріп, азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға бағытталған.

Сала өкілдері сондай-ақ өнімді сақтау үшін 10 мың тоннаға арналған көкөніс қоймасы қажет екенін айтты. Бұл ұсыныс облыс деңгейінде қаралып жатыр.

Биліктің мәліметінше, PepsiCo-пен әріптестік агробизнеске инвестиция тартуға, экспорт әлеуетін кеңейтуге және өңірлік ауыл шаруашылығының техникалық жаңаруына мүмкіндік береді.

Тегтер: Алматы облысықазақстан

Соңғы жаңалықтар

Үлкен Алматы айналмалы автожолында орташа жылдамдықты бақылау жүйесі іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Щучинскіде кафеде жарылыс болды: 7 адам қаза тапты

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

«Көктем-2026»: Алматы облысында су тасқынына дайындық тексерілді

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Алматы облысында ата-аналар мен асхана қызметкерлеріне маңызды кеңес берілді

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

Сталкинг ісі: Алматы облысында актрисаның күйеуі қамауға алынды

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz